3-оқушы: Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.
4-оқушы: Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін,қабілеті мол кемеңгер басшы болды. Оны халқы ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш» дейтін.
5- оқушы: Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек.
6- оқушы: Димаш ағаның ерекше бір қасиеті адамгершілігі еді. Талай көкірегі ояу, білімді азаматтар Димаш ағаның қолдауы мен шапағаты арқасында келе–келе қарымды ұйымдастырушыға айналып, абыроймен ел-жұртын басқарды. Көрегені мол мемлекет және қоғам қайраткері болды.
7-оқушы: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,
Қорғадыңыз ел мен жердің намысын.
Тарих өзі таразылар, танытар,
Ұлық қазақ Қонаевтың сан ісін.
8-оқушы: Үзілмеген достығы, сәлемдері,
Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,
Жетіұлы атанған әлемдегі,-ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын компьютерге салып таразылағанда Д.А.Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |