14- оқушы: Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңе баға беру оңай ма?
Ешкімге көмегін аямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,-деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д.А.Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді.
Мұғалім сөзі: Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін ұмыта алар ма екен? Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!
Достарыңызбен бөлісу: |