Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақтың білімділік мақсаты:бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбын қайталау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: теңсіздіктерді шешу алгоритмін меңгере отырып, теңсіздік шешімін сан аралықтарымен белгілеп, сауатты түрде жаза білу дағдысын, өз бетімен іс-әрекет ете білу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: таратылмалы кестелер, плакаттар, компьютер, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа қажетті оқу құралдарын түгелдеп,
сабаққа назар аударту. Оқушыларды топтарға бөлу. Бағалау парағы таратылады.
Ал енді топтағы оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.
б) Сабақтың мақсатын айту.
Біз бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тарауын өттік. Сондықтан бүгінгі сабағымызда осы тарауды қайталап, есептер шығарамыз.
ІІ. Математикалық диктант:
Әр топқа парақтарда тапсырмалар беріледі.
І-топ:
-2 5
1,7
4
3
-3
1
Сан түзуінде кескінделген сан аралығын теңсіздік арқылы және жақшалармен белгіленуі арқылы жазып көрсетеді.
ІІ-топ:
-3,1 ≤ Х ≤ 4 -5 < Х < 3
-7 < Х ≤ 2 Х -2
Берілген теңсіздіктерді сан түзуінде кескіндеп және жақшалармен белгіленуі арқылы жазып көрсетеді.
ІІІ-топ:
[-3; 9] (-5; 7) (-4; 3] (-5)
Берілген жақшалармен белгіленуді теңсіздік арқылы жазып және сан түзуінде кескіндеп көрсетеді.
ІІІ. Қайталау: «миға шабуыл» әдісімен
1) Санды теңсіздік дегеніміз не?
2) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік қандай болады?
3) Теңсіздіктің қандай түрлері бар?
4) Сан аралығы дегеніміз не?
5) Сан аралығының қандай түрлері бар?
6) Сан аралықтары жақшалар арқылы қалай белгіленеді?
Осы теңсіздіктер тарауында біз теңсіздіктердің тағы да бір түрімен танысып, шешуді үйрендік. Ол қандай теңсіздік?
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңсіздік. Енді осы теңсіздіктердің шешілуі қалай орындалатын еді, соны қайталап жіберейік.
ІІІ-топ ІІ-топ І-топ
> 5 6 <5
VІ. Қорытынды:
Біз бүгінгі сабақта бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тарауын қайталадық. Енді осы тарауда қандай жаңа ұғымдармен таныстық? Қандай есептер шығарып үйрендік. Міне осыларды есімізге түсірейік.