Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, өлеңді мәнерлеп оқу, іздену, аудару. Түрі: аралас Пәнаралық байланыс: әдебиет



Дата08.07.2018
өлшемі20,83 Kb.
#48316
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ертегі әлемінде. Етістік

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, етістіктерді анықтай алу. Топпен, жұппен жұмыс істегенде еркін сөйлеуге үйрену.

Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп оқып, етістіктерді анықтай алады. Топпен, жұппен жұмыс істегенде еркін сөйлеуге үйренеді.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, өлеңді мәнерлеп оқу, іздену, аудару.

Түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаз

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері: сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету; оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

Жылдың қай мезгілі? Қай ай? Аптаның қай күні?

Интерактивті тақтаға назар аударайық, әр сөйлемді оқып қана қоймай, мына заттарды қолдану керек.

(Гүл, жуа, су, тақпақ, ноутбук)

Бір аптаның күндері өтті,

Дүйсенбіде гүлдер ектім.

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім.

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино көріп,

Жексенбіде бір демалдым.

Үй жұмысын тексеру



Диалогты жаттап, өзара сұхбаттасу
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу


  • Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы.

  • Құрамына қарай бір ғана сөзден тұратын етістік түрін ата

  • Түбір мен сөз, жұрнақ арқылы жасалатын етістік түрін тап.

  • У жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіретін етістік.

  • Жұрнақсыз жасалатын етістік

  • Құрамына қарай екі немесе одан да көп сөзден тұратын етістіктің түрін ата.

Ортада тігінен- ертегі сөзі, көлденен-етістік сөзі шығады

















е

т

і

с

т

і

к













д

а

р

а



















т

у

ы

н

д

ы

т

ұ

й

ы

қ




е

т

і

с

Т і

к













н

е

г

і

з

г

і

к

ү

р

д

е

л

і



Сөздікпен жұмыс: оқу, сөздердің ішінде етістіктің жасалу жолын айту (тұйық етістік; у жұрнағы)



  • Шашыраңқы- рассыпчато

  • Сыйлау- здесь: уважать

  • Таласу- спорить

  • Төбелес- драка

  • Тыну- успокоиться

  • Әлсіз- слабый

  • Ақырында- наконец

  • Жеделхат- телеграмма

Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару

Сұрақ: мәтін не туралы? (әріп, дыбыс, тіл)

Жеке жұмыс: мәтіннен етістіктерді жазып дара,күрделісін анықтау. Дәптерде орындау

Өмір сүрді,үн шығарыпты,оқып жатқан (күрделі)

білмеді,таласып,тынатын, ойлады (дара)

Топқа мақал-мәтелдердің сөздерін дұрыс құру арқылы бөліну.

І топ «тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады»

ІІ топ «өнер алды –қызыл тіл»



Топпен жұмыс

  • Бірінші топ:

  • 1) нақ осы шақта тұрған сөйлемдерді табу;

  • Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.

  • Тілін білмеген –түбін білмейді.

  • Ондай адам күлдірем деп күйдіреді.

  • Сүйсіндірем деп сүріндіреді.

  • Білдірем деп бүлдіреді.

  • Қуантам деп қуартады.

  • Келтірем деп кетіреді.

  • Жұбатам деп жылатады.

  • Үш айлық курсқа келіп отырмын.

  • Қазақ тілін меңгеру үшін курсқа барып жүрмін.

  • Қазақ тілін меңгеру үшін үйірмеге жазылып жатырмын.

  • Отбасымызбен жаттығып жүрміз.

  • Түрлі сөздіктерді пайдаланып отырмын.

  • Қазақша кітап, газет-журналдарды оқып жатырмын.

  • Мен жақсы түсінемін, бірақ сөйлеуге қиналып жүрмін.

  • Мәтінді ауызша аударып тұрмын.

  • Екінші топ:

  • 1) ауыспалы осы шақта тұрған сөйлемдерді табу.

  • Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.

  • Тілін білмеген –түбін білмейді.

  • Ондай адам күлдірем деп күйдіреді.

  • Сүйсіндірем деп сүріндіреді.

  • Білдірем деп бүлдіреді.

  • Қуантам деп қуартады.

  • Келтірем деп кетіреді.

  • Жұбатам деп жылатады.

Сөйлемдерді постерге жапсырып, қорғау; әр топ бір-бірін бағалау

Сұрақ: ауыспалы осы шақ пен келер шақты қалай ажыратамыз?

(Сөйлемнің мағынасына қарай)

Екі топқа ортақ тапсырма: тіл туралы өлең жолдарын оқу



Қорытынды: балалар, бүгін сабақта не өттік? Не ұнады?не ұнамады? Қандай сұрақ бар?

Рефлексия:

түсіндім, өзім орындай аламын



Көмек қажет

Түсінген жоқпын

Сабақты қалай түсінгендеріне байланысты тақтадағы өсу баспалдағына смайликтерді жапсыру



Бағалау: бағалау парағы

Үй тапсырмасы
211 бет сөздік жаттау;
212 бет 1-ші деңгей ертегіні жалғастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет