Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, слайд арқылы түсіндіру, логикалық түрде тест, Сабақтың түрі: Теориялық сабақ



бет3/3
Дата12.04.2022
өлшемі29,57 Kb.
#138975
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Doc4
Маркетингтік коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Маркетингтік коммуникациялар тауарларды немесе қызметтерді жылжыту технологияларының жиынтығы.
Маркетингтік коммуникация комплексіне мыналар кіреді:



  1. Жарнама

  2. Жеке-сауда саттық

  3. Өткізуді ынталандыру

  4. Қоғаммен байланыс






  1. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады.

Жарнама дегеніміз – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін,тауар мен қызметті жылжыту нысаны.Жарнаманың қоғамдық ролі адамдардың санасы,мінез-құлқының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Сәннің стильдің және дизайнның беталысын көрсету арқылы жарнама адамдардың эститикалық қажеттілігіне әсер етеді.
Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға бәсекенің пайда болуына,жалпы экономиканың дамуына әсерін тигізеді.Бұл жарнаманың экономикалық ролін ерекшелейді.
Жарнама мақсаты-тауар туралы ақпараттандыру,тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру.
Жарнама мәтінінің мазмұны AIDA (attention-назар, interest –қызығу, desire- тілек, action-әрекет) формуласына сәйкес жасалады.Жарнаманың сөз мәнері тақырыпқа сәйкес,қысқа және оңай айтылуы керек. Мысалы;
Слоган – саудалық қарым-қатынастың қайталанбайтындығын білдіретін қысқа мәлімет, ұран, афоризм. Соңғы 100 жылдағы “Кока-кола” фирмасының слоганының дамуын бақылау қызық. Компания “Кока-кола” арқылы тұтынушылар шөлін қандыруға сендіре алды ма? Сендіре алған болуы керек: жарнама ағыны кеңейіп көп аудандарға жетуде. 1886 жылы фармацевт Дж.Пумбертон сусынды шығарғаннан кейін оның слоганы келесідей дамып отырды:
1886 ж- “Кока-кола” ішіңіз.
1904ж – “Кока-коламен” рахаттаныңыз.
1917ж – Нағыз сапа сусыны.
1926ж- Күлкіні еріткен сусын.
1942ж- Шөлді рахатқа айналдырыңыз.
1950ж- “Кока-кола” шөл мен салқындық арасындағы жол.
1980ж- Бұл керемет.
1991 ж- Нағыз сусынмен ешнәрсе теңеспейді.
1995ж- Шөлге де сапа қажет.
2000ж – Әрқашан да “Кока-кола”
2005ж- Жер бетіндегі әдемі сусын.
2008ж- Мұндай дәм ешқашан жалықтырмайды.
2009ж- “Кока” өмір қуаты
2011ж- “Коканың” дәмін көр де күлімде.
Жарнама үндеу стилі – жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау тәсілі, мәнері және оны баяндау түрі үні, сарыны. Үндеу стилін таңдау жарнама мақсаты мен мақсатты аудиторияның ерекшелігіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет