Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау, болжау әдісі,топпен жұмыс



бет2/4
Дата26.06.2018
өлшемі7,84 Mb.
#44468
түріСабақ
1   2   3   4
-суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны қайдан білдің?

-Балалардың көңіл күйі қандай?

-Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?





КҮЗ

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.

(Жылы,салқын,мектепке келу,жаңбырлы,сарғаяды,жеміс-жидек піседі,қыркүйек,қазан,қараша)

ІҮ.Мағынаны тану.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Мектеп-біздің анамыз» Авторы Ө.Тұрманжанов.

Автор туралы қысқаша мағұлмат.Ө.Тұрманжанов (1905-1978) Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туған.Жазушы шығармалары балаларға арналған.

Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңмен жұмыс.

а) «Мектеп-біздің анамыз» өлеңін мұғалімнің оқуы.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в) Өлең бойынша сұрақтар қою.

1.Өлең не туралы?

2.Суретті кім салған?

3.Өлеңді кім жазған?

4.Сурет салатын адамды кім дейміз?

5.Ақынның аты жөні кім?

6.Қырманда жұрт не істеп жатыр?

7.Жемістер не істепті?

8.Мектеп не істеп жатыр?

9.Кімдер келді мектепке?

Сергіту сәті.

Ү.Сөздік жұмыс.

Күзге сүйеп күн иек,шөмеле,қырман,межелі кез.

1.Әңгіме кестесі.

7-беттегі сурет пен «Мектеп-біздің анамыз» өлеңін салыстыр:





Сұрақ

Жауап

Суретті кім салған?

Өлеңді кім жазған?






Сурет салатын адамды кім дейміз?

Өлең жазатын адамды ше?






Суретшінің аты-жөні кім?

Ақынның аты жөні кім?






Сурет қалай аталады?

Оны тағы қалай атауға болады?

Өлеңге басқаша қандай ат қоюға болады?

Сурет пен өлеңге ортақ болатындай қандай ат қояр едің?






Суретшінің көңіл күйі қандай?

Оны қандай бояулар байқатып тұр?

Ақынның көңіл күйі қандай?

Осы өлеңдегі көңіл күйді білдіріп тұрған сөздерді ата.



Күн сәулесін шашыпты,жарқын шырай...

2. Топпен жұмыс. (Әр топқа қиындылар тарату.Белгілі бір тақырып жайлы өз ойларын айтады).

І топ.Күзгі табиғат

ІІ топ.Аңдар мен жануарлардың күзгі тіршілігі.

ІІІ топ.Күзгі еңбек.

3.Әр топ күзге байланысты мақал айтып ,мағынасын ашады.

(3 топ ,3 мақал)

4.Суретке қарап әңгіме жазу стратегиясы.

Әр топқа суреттер тарату.Ол суреттерге ат қою,әңгіме құру. (Жазу)



ҮІ. Ой толғаныс.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

Көрнекілік стратегиясы.

-Ақын не жазады?

-Өлең жазады.

-Суретші не істейді?

-Сурет салады.

(Енді осы өлеңге ойша қандай сурет салар едіңдер?)

(Ән-әуен ойнап тұрады)

Енді осы өлеңде сипатталған күз мезгілін елестете отырып сурет салыңдар.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

1.Эссе жазу

2. «Күзгі демалысты қалай өткізгім келеді?» (Алға жоспар құрып келу)

ІХ.Бағалау



Сабақтың тақырыбы:А.Байтұрсынұлы.Мен қалай оқуға бардым?

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, «Ойлан» кестесі, сюжетті суреттер.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап ,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,,ассоциация,салыстыру,түртіп алу жүйесі.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Кел , балалар ,ойнайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық

Алға қарай самғайық,

Екілікті алмайық.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Мектеп-біздің анамыз.

1.Эссе жазу

2. «Күзгі демалысты қалай өткізгім келеді?» (Алға жоспар құрып келу)

Екі оқушы эссесін оқиды.Құрған жоспарларын оқыту..Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.



ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Мақалдың мәнін түсдіру.

Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

Топтастыру стратегиясы

А.Байтұрсынов кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген?

-Қандай шығармалар мен өлеңдерін білесіңдер?

-Қандай оқулық жазды?





Ахмет Байтұрсынұлы

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.

(Қостанай облысында туған,Тұңғыш әліппе оқулығын жазған,Ғалым,ақын, ,әдебиет зерттеуші,ақын,ұстаз, «Маса»шығармасы) (1873-1938),

ІҮ.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Мен қалай оқуға бардым?» А.Байтұрсынұлы.

а).Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә) оқулықпен жұмыс.Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

вМәтін бойынша сұрақтар қою.

1.Мәтін не туралы?

2.Ахмет қайда келді??

3.Оның досы кім?

4.Ахмет қандай ойға кетті?

5.Әкесі оны қайда апарды?



Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Ү.Сөздік жұмыс.

Кәріп-бейшара,дәрменсіз.

1.Әңгіме кестесі.

Сонан соң не болды деп ойлайсың?

Жоғарыдағы сызбаға сүйеніп әңгімелеу.



ҮІ. Ой толғаныс.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

Әңгімені оқып ,мазмұнын айтуға дайындалып келу .



ҮІІІ .Бағалау

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров.Күн шыққанда.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі идеяны ұғындыру; 2) Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту; 3)Оқушыларды білімді,ақылды,іздемпаз етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.тақта,кітаптар, І.Жансүгіров суреті.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,әңгіме кестесі, көрнекілік стратегиясы,,ассоциация,салыстыру,түртіп алу жүйесі.

Сабақтың типі: аралас абақ.

Сабақтың барысы.

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Кел , балалар ,ойнайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық

Алға қарай самғайық,

Екілікті алмайық.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Мен қалай оқуға бардым? Қысқаша әңгімелеу.Автор туралы Ахмет ата бұтағын тексеру.

.Қосымша оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылайды.



ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Мақалдың мәнін түсдіру.

Кітап – білім бұлағы.



Топтастыру стратегиясы

І.Жансүгіров кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген?

-Қандай шығармалар мен өлеңдерін білесіңдер?

-Қандай оқулық жазды?





І.Жансүгіров

Оқушылар кезекпен тақтаға жазады.



(Алматы облысында туған,белгілі ақын әрі жазушы, «Балаларға тарту» атты өлең кітабы бар )



ІҮ.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Күн шыққанда» І.Жансүгіров.

а).Мәтінмен жұмыс. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

ә) оқулықпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

ә ) Оқушыларға іштей оқыту.

«Түртіп алу жүйесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

-Өздерің түсінбеген сөздеріңді немесе сөз тіркестерін ,сөйлемді мынандай«V» белгімен белгілеп отырыңдар.

(Кітапта белгілейді)

Белгілеген сөздеріне байланысты бір-бірінің түсінбеген сөздерін өздерінен сұрап ,жауап алу.Күрделі сөздерге түсінік беру.

б) Оқушыларға дауыстап оқыту

в)Өлең бойынша сұрақтар қою.

1.Өлең не туралы?

2.Өлеңде ақын баланы неге шақырады?

3.Ақынның ойы қандай шумақтарда айқын байқалады?

4.Өлеңде қандай іс-әрекеттер туралы айтылған?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:

Ү.Сөздік жұмыс.

Масайрап-рақаттанып.

Кергіш – жіпті екі ағаштың арасына тартып байлау.

ҮІ. Ой толғаныс.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Не жайлы әңгімеледік?

-Ақын туралы не айтар едіңдер?

-Әрі қарай сендер айтыңдаршы.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

Әңгімені оқып ,мазмұнын айтуға дайындалып келу .Ілияс ата ағашын толықтыру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет