Сабақтың әдісі. сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар Сабақ барысы: І. а Ұйымдастыру кезеңі



бет1/2
Дата06.02.2020
өлшемі498,98 Kb.
#57354
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Физика және лирика. 2020ж
Физика және лирика. 2020ж, Физика және лирика. 2020ж
Сабақтың тақырыбы: Физика және лирика
Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен ең қажеттісін таңдап алыңыздар. (Н. И. Пирогов)
Сабақтың мақсаты: а) білімділі: табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру
ә) тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
б) дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген (әдебиет және физика пәні) қайталау толықтыру сабағы.
Сабақтың әдісі.сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақтада слайдтар

Сабақ барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар әр сыныптан алынып, екі топқа бөлінеді.

1.Таныстыру

2.Абай өлеңдерінен физикалық ұғымдарды табу

3.Абай аудармасы үзіндісінен физикаға құбылыстарды табу.

4.Сөзжұмбақ шешу

5.Әр топтың әні

1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жрымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

ІІ. Ой - қозғау: Экраннан табиғат құбылыстарының суреттер көрсету


Бүгін біз табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен
лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан - дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші. Лириканың 4 түрі бар.
1. Философиялық
2. Саяси
3. Махаббат
4. Табиғат.
ІІІ. Мағынаны тану: Абай өлеңдерінде физикалық құбылыстардың қалай жырланатынына тоқталайық.

Мысалы: Абайдың


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан" (экранда көрсетіледі). Осы тұста оқушылардан бұлттың қалай түзілетінін, олардың негізгі топтарын сұрап, жауап алу. Одан әрі ақынның неге қазбауыр не шарбы немесе ақша бұлтты алмай, аспанды жаппай торлап 4 - 5 км - ге дейінгі биіктікте болатын тұнжұрт бұлт, сұр бұлтты, күздің айнымас серігі тұманды - дымқыл тұман - деп алуы күздің басқа жыл мезгілінен айырмашылығын айқын таныту үшін осындай ғылыми керемет сөзді қолдана білген. Оны әдебиетте"эпитет"- деп атайды. Ендігі біздің сайысымызда Абайдың өлеңдерінің ішінен физикаға байланысты ұғымды табу керек.Табылған сөйлемге байланысты анықтамасына тоқталу керек.
І. Физикалық құбылыстардың  Абай өлеңінде қалай жырланатыны туралы таныстыру мақсатында оқушыларға өздері білетін Абай өлеңдері оқытылады.   Сонымен қатар, «Есептер жинағы» (гуманитарлық бағыт) оқулығындағы жаттығуларғы тоқталамыз.  Мысалы: Абайдың

“Біреудің кісісі өлсе қаралы –ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы-ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады-ол?

 деген шумағын алайық.  Адамды физикада не деп  қабылдаймыз? Көзден аққан жас тамшысының формасы қандай,  қалай қозғалады деген сұрақты қоя отырып, жас тамшысының  салмағын және құрамындағы бөлшектер және Жердің тарту күші әсерінен домалай қозғалатынын  түсіндіруге болады. Ал дыбыстың  толқындарының  таралуы арқылы  “Зарланып  неге әнге салады –ол” дегенде адам үнін естиміз.



2.Сылдырап өңкей келісім ,

Тас бұлақтың суындай ,

Кірлеген жүрек өз ішін

Тұра алмас әсте жуынбай”

деген өлең шумағында «тасты» егжей-тегжейін талдауға болады. Тастың физикалық қасиеті қандай, күйі қандай, бөлшектері қалай орналасады? Бұлақ суындағы тамшысының формасы қандай, қозғалыс бағытының  жылдамдығын анықтайтын параметрлер қандай?  Бұл сұрақтарға молекулалық физика тұрғысынан  және Бернулли заңы  бойынша оңай жауап береді.

Кірлеу” процесі қалай жүзеге асады? Бұны диффузия құбылысымен тығыз байланыстыра отырып жауап береді.

ІІ. Абайдың табиғат туралы өлеңдері. Енді Абайдың табиғаттың әртүрлі жыл мезгілдерін суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:

3.“Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,

Сіркіреп, бұлт тамшылап, жаңбыр жауар”

деген өлең шумағындағы бірнеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге болады. Күркіреу, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденцация құбылысын түсіндіруде қолдануға болады.



4.Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,       

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басқан.

Жазғытұры (1890) өлеңінде Абай табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі - ата-анадай елжіреген  Күннің көзі көбірек айтылады. Күн сәулесінің көктемде жер бетіне мол түсетіндігін, Самарқанның көк тасын да жібітетінді деген  аңызды мысалға келтіре отырып, қардың еріп, жердің бусанып жібитіндігі түсіндіріледі.

Ал, 1886  жылы жазылған  “Жаз” өлеңінде жазғы табиғаттың көркем көрінісін  мен сан алуан қызықты құбылысын асқан шеберлікпен суреттейтіндігін, ауылдың қарбалас тіршілігі, қимыл-қозғалысын тамаша өлеңге қосатындығын төменгі өлең жолдарынан кездестіруге болады. Бұл өлең жолдарында жыл мезгіліне байланысты  күннің ұзаруы айтылған. механика бөлімінің қозғалыс заңдары да сөз етілген.

5.Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда   

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

деген  өлең жолында  ауылдың бір орыннан екіншіші орынға көшкенде  механикалық қозғалыс болатындығын көреміз

Енді келесі жыл мезгіліне көшелік, “Күз “(1889).

6.Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал мен кемпір түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.

Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық–көркемдік тұрғыда берілген көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін тамаша суреттей білген. Күзде күннің қысқарып, жылу берілулігі азаятындығы бейнеленеді.



7.Ақ киімді денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындығы айтылған.



8.Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп…

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп

деген Абай өлеңінен  толқындық құбылыс түсндіріледі.



9.Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті куй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше суй

Абайдың “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән-күй, яғни музыкалық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясы қандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз.".
10.Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім... (Абай Қ)
"Жарықтың дисперсиясы"
11.Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут шерікте жере барып.
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп - тегіс мөлдір болса,(сәуле шығару,жылу өткізгіштік туралы айтуға болады)

Жазғытұры

12.Түйе боздап,қой қоздап –қора да шу

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып,бұраңдап ағады су

(Дыбыстың таралуы)



Желсіз түнде жарық ай

13.Тау жаңғырып ,ән қосып

Үрген ит пен айтаққа

Келмеп пе едің жо тосып

Жолығуға аулаққа?

(Жаңғырық)



Сағаттың шықылдағы емес ермек

14.Күн жиылып ай болды,он екі ай жыл,

Жыл жиылып,қартайып қылғаны бұл

Сүйенген ,сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім,кеңшілік қыл(күн мен түннің ауысуы)

Қансонарда бүркітші шығады аңға

15.Қансонарда бүркітші шығады аңға

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет,

тастан түлкі табылар аңдығанға

ыңғайлы ықшам киім киіп аңшы адамға.

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі

Сағадан сымпың қағып із шалғанда(траектория,қысым туралы )



Қараша,желтоқсан мен сол бір екі ай

16.Қар жауса да,тоңбайды бай баласы,

Үй жылы,киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.(жылуөткізгіштік)

Әсемпаз болма әрнеге

17.Көлеңке басын ұзартып ,

Алысты көзден жасырса,

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса(көлеңке)

Сәулең болса кеудеңде

18.Жапырағы жайқалып

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан жағынан күркіреп

Құйып жатса аққан сел(найзағайдың жарқылы )

2-жүргізуші –


- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!Қазір сіздерге сөзжұмбақ беріледі.Осы сөзжұмбақты шешкен кезде ерекшеленген қатардан физика пәнінің бір сөзі шығады.

Кинематика сөзжұмбақ

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).


2. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

3.Абайдың шешесінің аты.( Ұлжан

4.Абайдың әжесінің аты.( Зере,)

5. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).



6. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай )
7.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
8. . Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
10. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет