Сабақтың әдісі. сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар Сабақ барысы: І. а Ұйымдастыру кезеңі


Шегіртке мен құмырсқа. (И. А. Крыловтан) Осы ертегіден тәрбиелік және физикалық мағынасын түсіндіру



бет2/2
Дата06.02.2020
өлшемі498,98 Kb.
#57354
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Физика және лирика. 2020ж
Физика және лирика. 2020ж, Физика және лирика. 2020ж

Шегіртке мен құмырсқа. (И. А. Крыловтан) Осы ертегіден тәрбиелік және физикалық мағынасын түсіндіру


Шырылдауық шегіртке 

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүнгі жапырақтың

Бірінде тамақ, бірінде үй,

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған, қарны ашқан

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!





Мына ертегідегі суреттерден қандай физикалық құбылыстарды көруге болатынын айту керек

Әр топтан Абайдың әнін айту .

Соңында жеңімпаз топ марапатталады



ІV. Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.

«Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр»

Иссак Ньютон.

«Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады»

Птолемей

Әлем - шексіз мұхит.

Уақыт -  тынымсыз жел.

Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер,

Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар.

Абай.

Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы.  Ақылы менсезімі басым адам ғана ғалым бола алады.  Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады.

Абай.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



Қорытынды.

Абайдың  кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып білуге, адамның  дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет