Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз.
Сабақтың басы
Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:
Ахмет Байтұрсынұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Міржақып Дулатов
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжан Жұмабаев
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.
Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін 3 топқа түрлі тақырып берілген:
«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісі:
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін,
Тартады: ақку көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.
Əуелі бірлік керек болса жолдас,
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас!
Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отыр. Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды дейді.
Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:
Балалар!Оқуға бар!Жатпа қарап!Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!Шақырды тауық мана әлдеқашан,Қарап тұр терезеден күн жылтырап.Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,Барады аралар да ұшып балға.
Оқып шығып, мән-мағынасына тоқталу, жеткізілмек болған ойды анықтау.
Сабақтың соңы
Сабақтан алған білімдерімізді қорытындылай келе берілген сызбаны толтыру.
Қорытынды