СабақТЫҢ Әдістемелік өҢдеуі мамандығы: 01140100 "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі"



бет3/3
Дата20.05.2024
өлшемі2,43 Mb.
#202635
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Абдуллаева А.ашық сабақ өңдеуі

1) жұрнақ;
2) жалғау.
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.
Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.
Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, орын, ыдыс, т.б.
Туынды сөз – жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы, т.б.
Туынды сөз әртүрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Зат есімнен жасалған туынды сөз

Сын есімнен жасалған туынды сөз

Сан есімнен жасалған туынды сөз

Етістіктен жасалған туынды сөз

Үстеуден жасалған туынды сөз

Еліктеу сөзден жасалған туынды сөз

Одағайдан жасалған туынды сөз

Сапалы
Мейірім-ді

Тазалық
Жақсы-
лық

Үштік
Ондық

Тапқыр
Сезгіш

Сонша-ма
Осынша-
ма

Тарсыл
Гүрсіл
Ербеңде

Ойбайла
Шөреле

Тілімізде бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де бар. Мысалы, өн, өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.


Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Жаңа сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма. «Сыр сандық» әдісі арқылы жеке жұмыс орындалады.
Туынды сөз бен түбір сөздерді берілген сандыққа дұрыс тауып салады.


2-тапсырма. «Ойлан, тап» әдісі арқылы жұптық жұмыс орындау. Әр топтан екі студенттен шығып, сәйкес келген сөздерден туынды сөз жасауы тиіс. Жылдам әрі тез құрауы тиіс.


3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.(11бет 2-жаттығу)
«Еркін жазу немесе өзім үшін жазу» стратегиясын пайдаланып, 
2-жаттығудағы сөйлемдерді көркем, сауатты көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау. (әр топ 2 сөйлемнен көшіріп жазып, сөз құрамына талдайды.)
4-тапсырма. Жеке жұмыс. (деңгейлік тапсырмалар)
1-деңгей .Шығармашылық тапсырма. « Мен қандаймын?»
(дарынды оқушылармен жұмыс)
Сабақтан мен .....................
Жаман бала ...........................
Жақсылармен ...........................
Айтқан серттен ........................
Үлкендерді ...................
Айтқандарын ..........................
Көмектесем .......................
Көріңдер, мен ..................
2-деңгей. Тиісті сөздерді орнына қой.
№1
Еңбексүйгіш............,
Ерте шығып............. . (құмырсқа, жұмысқа)
Жазда астық...........,
Толтырады ас.......... . (тасиды, үйді)
Қыстай тыныш........,
Рақатқа............. . (жатады, батады)
3-деңгей. Сәйкестестендіру тестін пайдалану
Сый -гіш
Жұмыс -лі
Біл -шы
өнер -қыш
ұш -лық


Ү. Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында студенттерге «Спиннер» әдісі бойынша экранда сұрақтар беріледі.


ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Сабақ бойынша рефлекция (2 мин).
Кері байланыс «Білім қоржыны» әдісі арқылы жүзеге асырылады.



Үйге тапсырма: 12бет. 5-жаттығу. (сабақта басталған ертегіні ары қарай өз ойларымен жалғастырып, аяқтап келу)

Бағалау: Фишкалар және бағалау парағы арқылы сабақты бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет