СТАНДАРТ
Ұйқы безі пальпациясының техникасы
Ұйқы безінің пальпациясын таңертең ашқарынға, іш жүргізетін дәрілерден кейін Образцов - Стражеско тәсілі бойынша жүргізген жөн.(науқас шалқасынан, оң бүйірінде немесе тұрған күйінде болады).
-
оң қолынызды алдын ала тапқан асқазанның төменгі шегінен 2-3 см жоғары қойыңыз.
-
теріні шамалы жоғары ығыстырыңыз.
-
сосын оң қолынызды науқас демді шығарған сайын іш қуысының ішіне аздап терең сұғыңыз.
-
Іш қуысының артқы қабырғасына жеткенде, қолын жоғарыдан төмен қарай жылжытыңыз.
Қалыпты жағдайда ұйқы безі көлденен орналасады, жұмсақ цилиндр тәрізді, диаметрі 1,5- 3см, қимылсыз және ауырмайды.
Ұйқы безінің пальпациясы: а- науқас шалқасынан жатқанда;
б- науқас оң бүйірінде жатқанда;
в- тұрған күйінде
Достарыңызбен бөлісу: |