2 шикі жұмырытқаның сарысы, 20г сары май және 50 г ақ нан
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті : пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2 күн бұрын – қалдықсыз тағам тәртібі (ішті кептіретін тағам өнімдерін қолданбайды).
зерттеу жүргізерден бұрын таңертеңгілік сағат 8.00-де пациентке түймедағының ерітіндісімен тазалау клизмасын қойыңыз.
сағат 9.00-да пациентке жеңіл таңертеңгілік тағам және 1 стакан тәтті шәй беріңіз.
сағат 11.00-де тағы да 1 стакан тәтті шәй, сағат 14.00-те пациентке жеңілдетілген түскі тамақ және 1 стакан тәтті шәй беріңіз
сағат 16.00-да науқасқа майлы тамақ: 2 шикі жұмырытқаның сарысы, 20г сары май және 50 г ақ нан беріңіз. 20-30 минут өткен соң өт қабы өттен босайды.
сағат 19.00-20.00 аралығында пациент бөліп-бөліп билитраст қабылдайды: 4г билитраст 1 ас қасық құм шекермен араластырып, алынған қоспаны 6 бөлікке бөлеңіз. Қоспаның 1/6 бөлігін пациент жайлап 5-10 минут көлемінде шайнайды.
билитрасты қабылдағаннан кейін тамақ ішуге болмайды.
зерттеу жүргізілетін күні таңертең сағат 7.00-де пациентке түймедақ тұнбасынан тазалау клизмасы қойыңыз.
10. сағат 9.00-да рентген кабинетіне өзімен бірге «майлы тамақты» бірге ала барады.
11. рет-ретімен бірнеше рет суретке түсірілгеннен кейін, өт қабының көлеңкесі алынған соң , пациентке қайтадан «майлы тамақ» беріңіз немесе тері астына 2 мл питуитрин салыңыз. 15, 30, 45, және 60 минуттан кейін қайтадан бірнеше суреттер жасалынады. .