СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы №2 Пән Ішкі аурулар пропедевтикасы



бет8/11
Дата26.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#71193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 док - копия (1)

СТАНДАРТ

Ұлтабарды зондылау

Мақсаты: диагностикалық - өтті зерттеу үшін 3 порциясын алу

Көрсетпе :өт қалта, өт жолдарының, ұйқы безінің, 12-елі ішектің аурулары.

Қарсы көрсетпе: жедел холецистит, асқазан және 12-елі ішеітің жаралы ауруының қозуы, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, жұтынудың қиындауы және ауырсынуы, өңештің тарылуы, омыртқаның мойын- кеуде бөлімінің қисаюы.

Жабдықтау:

  1. зарарсыздандырылған ұлтабар зонды

  2. 20,0мл зарарсыздырылған шприц – 2 дана

  3. 33% магний сульфаты ерітіндісінің 30,0-50,0мл

  4. асқазан сөліне арналған ыдыс

  5. пробиркалар мен штатив

  6. орындық

  7. резеңке қолғап

  8. жеке сүлгі

  9. лоток

  10. жастықша (валик)

  11. жылытқыш

  12. жолдама

  13. дезинфекциялық ерітінділер

  14. дезинфекцияға арналған ыдыс

Осы іс- әрекетке байланысты дамитын проблемалар :

    1. зонд енгізгенде пациент жүрегінің айнуы

    2. процедурадан қорқу

Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті :

  1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту

барысын түсіндіру.

  1. орындыққа пациентті арқасын орындыққа тигізіп, отырғызыңыз..

  2. қолыңызды жуыңыз және резеңке қолғап киіңіз.

  3. сүлгіні пациенттің кеудесіне жайыңыз және қолына лоток беріңіз.

  4. тіс протезін алуын сұраңыз (протез болған жағдайда).

  5. залалсыздандырылған зондты оң қолға алыңыз, ал зондтың бос бөлігін сол қолмен ұстаңыз.

  6. пациенттің ауызын ашуын өтініңіз.

  7. зондтың олива бар бөлігін тіл түбіріне қойыңыз.

  8. мұрын арқылы терең дем алуын өтініңіз және зондты жұтуын сұраңыз.

  9. зондты асқазанға дейін 45 см енгіземіз.

  10. зонд асқазанға түскенін тексеру үшін, Жанэ шприц арқылы асқазандағы сүйықтықты тартамыз. Егер лайлы қышқылы реакциясы бар сұйықтық шықса, зонд асқазанда болғаны.

  11. пациентті тұрып, жүруін және зондты әрі қарай жұтуын сұраңыз.

  12. пациенттің оң қабырға астына жылы жылытқыш, ал жамбас астына жұмсақ валик қойып, оң қырына жатқызыңыз.

  13. зондтың сыртқы ұшын пробиркаға салыңыз.

  14. егер олива 12-елі ішекке түссе, пробиркаға сілтілі реакциясы бар сары түсті сұйықтық бөлінеді. Сұйықтық шықпаған жағдайда, оливаның тұрған жерін анықтау үшін шприц арқылы зондқа ауа жіберіңіз.

  15. Зонд асқазанда болса, науқас ауаның барғанын сезеді және шұрыл естіледі. Егер зонд 12-елі ішекте болса, науқаста мұндай сезім болмайды, ешнәрсе естілмейді. Зонд 12-елі ішектің қалтқысының алдында тоқтап қалса, пациентке натрий гидрокарбонаттың 2-3г 10 мл суға ерітіп, жылы күйінде беріңіз.

  16. І фаза (холедохус фазасы) – зондтың оливасы 12-елі ішекте болады. Одди сфинктері босансып, зонд арқылы 14-16 мл ашық сары түсті сұйықтық бөлінеді ( А порциясы) – бұл өттің, панкреатикалық және ішек сөлдерінің қоспасы. А порцияның ұзақтығы 10-20 мин.

  17. ІІ фаза (жабық Одди сфинктерінің фазасы) –зонд арқылы өт қалтаның жиырылу тітіркендіргішін (стимулятор) жіберіңіз (25-50 мл 25-33% магния сульфаттың жылы ерітіндісі немесе сорбиттің 40% ерітіндісі немесе холецистокинин гормоны тері астына енгізіңіз). Тітіркендіргіш енгізілгеннен кейін өт бөлінуі Одди сфинктерінің тарылуына байланысты тоқтайды. Бұл фаза 4-6 минутқа созылады. Одди сфинктерінің тарылуында фазаның уақыты ұзарады, ал гипотонияда – қысқарады.

  18. ІІІ фаза өт жолынан және өт қалта мойынынан қайтадан ақшыл сары

түсті сұйықтықтың бөлінуінен басталады – 3-4 мин ішінде 3-5 мл

сұйықтық шығады ( А1 порциясы).



  1. ІҮ фаза – өт қалтаның өті немесе В порциясы - өт қалта жиырлып және Одди сфинктері мен өт қалтаның бұлшық еттері босаңсийді. Бұл фазада 20-30 мин ішінде 30-60 мл қоныр түсті, жабысқақты сұйықтық бөлінеді.

  2. Ү фаза – бауыр өті немесе С порциясы – қайтадан ақшыл сары түсті өт бөлінеді.

  3. зондты шығарып, дезинфекциялаушы ерітіндіге салып қойыңыз.

  4. қолғапты шешіп, дезинфекциялаңыз.

  5. жолдама жазыңыз.

  6. пробиркаларды зертханаға апарыңыз.

  7. зондты, қолғапты, шприцтерді САНПиН ережелеріне сәйкес өңдеңіз.

  8. қолыңызды жуыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет