СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы №2 Пән Ішкі аурулар пропедевтикасы


СТАНДАРТ Пероралды холецистографияға науқасты дайындау



бет11/11
Дата26.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#71193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 док - копия (1)

СТАНДАРТ

Пероралды холецистографияға науқасты дайындау.
Мақсаты: диагностикалық

Көрсетпе :өт жолдарының аурулары.

Жабдықтау:

  1. холевид (йодогност) және билигност (билиграфин), билитраст

  2. 2 мл питуитрин

  3. Эсмарх кружкасы

  4. түймедақ ерітіндісі

  5. 2 шикі жұмырытқаның сарысы, 20г сары май және 50 г ақ нан

Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті :

  1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.

  2. 2 күн бұрын – қалдықсыз тағам тәртібі (ішті кептіретін тағам өнімдерін қолданбайды).

  3. зерттеу жүргізерден бұрын таңертеңгілік сағат 8.00-де пациентке түймедағының ерітіндісімен тазалау клизмасын қойыңыз.

  4. сағат 9.00-да пациентке жеңіл таңертеңгілік тағам және 1 стакан тәтті шәй беріңіз.

  5. сағат 11.00-де тағы да 1 стакан тәтті шәй, сағат 14.00-те пациентке жеңілдетілген түскі тамақ және 1 стакан тәтті шәй беріңіз

  6. сағат 16.00-да науқасқа майлы тамақ: 2 шикі жұмырытқаның сарысы, 20г сары май және 50 г ақ нан беріңіз. 20-30 минут өткен соң өт қабы өттен босайды.

  7. сағат 19.00-20.00 аралығында пациент бөліп-бөліп билитраст қабылдайды: 4г билитраст 1 ас қасық құм шекермен араластырып, алынған қоспаны 6 бөлікке бөлеңіз. Қоспаның 1/6 бөлігін пациент жайлап 5-10 минут көлемінде шайнайды.

  8. билитрасты қабылдағаннан кейін тамақ ішуге болмайды.

  9. зерттеу жүргізілетін күні таңертең сағат 7.00-де пациентке түймедақ тұнбасынан тазалау клизмасы қойыңыз.

10. сағат 9.00-да рентген кабинетіне өзімен бірге «майлы тамақты» бірге ала барады.

11. рет-ретімен бірнеше рет суретке түсірілгеннен кейін, өт қабының көлеңкесі алынған соң , пациентке қайтадан «майлы тамақ» беріңіз немесе тері астына 2 мл питуитрин салыңыз. 15, 30, 45, және 60 минуттан кейін қайтадан бірнеше суреттер жасалынады. .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет