2.Орталықтандырушы құрылғы-жұту аппаратынан кейінгі артық күштерді өзіне қабылдайды және автотіркегіштің корпусын орталықтандырып тұрады.Орталықтандырушы құрылғы;соққы розеткасы,маятникті ілме,орталықтандырушы балкадан тұрады. Соққы розеткасы алдыңғы тіреумен бірге құйылып жасалынып, шеткі белдемге (балкаға) бекітіледі немесе дәнекерленеді.Соққы розеткасында корпусқа арналған терезе, маятникті ілмеге арналған ойықтар , үстінгі бөлігінде қаттылық жапырақшалары бар. Орталықтандырушы белдем (балка) омега тәріздес пішінде жасалған, екі жазықтық және екі шектеулері бар( бойлық және бүйір). Белдемнің (балканың) бойлық шетеулері розетканың төменгі тік қабырғасына орнатылады. Бүйір шектеулер автотіркегіш корпустын көлденең ауытқуларда ұстап тұрады. Маятникті ілме диаметрі 25 мм өзектен және екі бас бөліктерден (үстіңгі кеңірек және астыңғы) тұрады. Үстіңгі бас жақ бөлігімен соққы розеткасына ілініссе, төменгі жағы орталықтандырушы белдемге (балкаға) бекітіледі.
3. Жеңілдеткіш құрылғысы- тіреулерге автотіркегіш корпусынан келген бойлық күшті жіберуге және жеңілдетуге арналған. Ол алдыңғы және соңғы тіреулердің арасында орналасқан.Оған тартымды қамыт,жұту аппараты,сына (клин),тіреуіш тақтайша, сақтандырушы тақтайша жатады.
Сақтандырушы тақтайша тартымды қамытпен жұту аппаратының астыңғы жағынан рельске түсіп кетпес үшін сақтандырып, жоталық белдемге (балкаға) сегіз болтпен бекітілген.
Тартымды қамыт жақтау(рама) тәрізді жасалған. Оның ішінде жұту аппаратымен тақтайша орналасқан. Қамыттың бас жағында корпуспен жалғану үшін ойық орналасқан. Олар сына (клин) арқылы жалғанады. Сына (клин) түсіп кетпес үшін астыңғы жағынан болтпен бекітілген.
4.Ағытушы жетек- автотіркегішті ағытуға арналған құрылғы. Жетек екі иықты иінтірек, кронштейндерден тұрады. Сым жетектің қысқа иығымен валикті жалғап тұрады.