(Интерактивті тақтамен жұмыс)
Тарихи шеңбері
Территориясы
Алғаш табылған жер
Қазақстанда көп қоныстанған жері
Тастағы суреттер
Баспанасы
Қоғамдық құрылысы
Археологиялық символы
Ерекшеліктері
Қаласы
№6 Тапсырма. «Электронды оқулықтан тест орындау әр оқушы»
Бағалау:бағалау парағы бойынша қорытынды шығарылып, қатысқан оқушылар бағаланады
Үйге тапсырма:
Сынып: 6
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Мақсаты: оқушыларға қол дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: ұжымдық, іздену сабағы сабақ
Әдіс – тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап.
Көрнекілік құралдар: таратпалар, бағалау парағы, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 минут)
1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;
2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін.
Таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
- «Андрондықтар» тобы;
- «Беғазы – Дәндібай» тобы;
- «Қола дәуірі»
1 - кезең. «Сенемін – сенбеймін».( 5 минут)
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.
1 - топ:
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген
(сенбеймін)
2 - топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық – б. з. б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)
3 - топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)
2 - кезең: «Ойыңды аяқта» ( топтарға карточка беріледі) ( 5 минут)
Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды.
1 - топ. «Ойыңды аяқта». Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.
2 - топ. «Ойыңды аяқта».
Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы – тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған.
3 - топ. «Ойыңды аяқта».
Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.............,.............,..........,.......... (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке..........,..............,............. (бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады.
3 - кезең. «Сөздер сөйлейді».(3 минут)
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм ( жанға, рухқа сену)
4 - кезең. « Кім білгір, кім жылдам?». (7 минут)
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)
5 - кезең. «Салыстыру кестесі». (8 минут)
Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Мыс – тас ғасыры», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру. Венн диаграммасын сызу.
6 - кезең. «Бекіту. Тест сұрақтары». (10 минут)
7 - кезең. «Қорытынды». (3 минут)
ІІІ. Үй тапсырмасын беру. І – ші жартыжылдық бойынша тестке дайындалу (1 минут)
ІV. Бағалау. (1 минут)
Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі А) Қола дәуірі В) Темір дәуірі. Е) Тас дәуірі
С) Рулық тайпалық кезең.
D) Андронов кезеңі
Е) Тас дәуірі
Дұрыс жауап: E
Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі
А) Рулық
В) Тайпалық
С) Қауымдастық
D) Көшпелілер
Е) Тобыр
Дұрыс жауап: E
Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
А) Тайпалық
В) Малшылар қауымдастығы
С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы
D) Өндірістік ұжым
Е) Рулық
Дұрыс жауап: E
Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі
А) тобыр
В) терімшілер
С) аналық ру
D) аталық ру
Е) тайпа
Дұрыс жауап: E
Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай
А) терімшіліктің дамуы
В) аңшылықтың тууы.
С) тобырдың қалыптасуы.
D) темірді пайдалану
Е) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.
Дұрыс жауап: E
Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы:
А) кроманьон.
В) синантроп.
С) неандерталь.
D) тік жүретін адам.
Е) епті адам.
Дұрыс жауап: E
Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі.
А) 1 млн жыл бұрын
В) 500-200 мың жыл бұрын
С) 100-35 мың жыл бұрын
D) 40-35 жыл бұрын
Е) 1 млн. 750 мың жыл бұрын
Дұрыс жауап: E
Ең ежелгі адамның еңбек құралы
А) Садақ
В) Бумеранг
С) Болас
D) Найза
Е) Үшкір тас
Дұрыс жауап: E
Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі
А) "Епті адам"
В) Неандертальдық
С) Кромонондық
D) "Саналы адам"
Е) Синантроп
Дұрыс жауап: E
Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді:
А) "Епті адамдар"
В) Неандертальдықтар
С) Кроманондықтар
D) "Саналы адамдар"
Е) Синантроптар
Дұрыс жауап: В
Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам:
А) "Епті адам"
В) Питекантроп
С) Синантроп
D) "Тік жүретін адам"
Е) "Саналы адам"
Дұрыс жауап: E
Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі
А) Терімшілік пен жеміс өсіру
В) Егіншілік
С) Аң аулау мен балық аулап күнелту
D) Мал шаруашылығы
Е) Терімшілік
Дұрыс жауап: E
Тас дәуірін (палеолит) қамтитын кезең
А) б.з.д. 12-5 мың жыл
В) б.з.д.5-3 мың жыл бұрын
С) б.з.д. 100-75 ғасырлар
D) б.з.д.75-20 ғасырлар
Е) б.з.д. 2 млн 500 мың-12 мың жыл
Дұрыс жауап: E
Орта тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.б.1 млн. 750 мың жыл бұрын
В) б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын
С) б.з.б. 75-12 мың жыл бұрын
D) б.з.д.7-5 мың жыл
Е) б.з.б.12-5 мың жыл
Дұрыс жауап: E
Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.д.12-5 мың жыл
В) б.з.д.7-5 мың жыл
С) б.з.д. 3-2 мың жыл
D) б.з.д.2-1 мың жыл
Е) б.з.б.5-3 мың жыл
Дұрыс жауап: E
Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы
А) Солтүстік Қазақстан
В) Батыс Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
Е) Оңтүстік Қазақстан
Дұрыс жауап: E
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы
А) "Епті адам"
В) Неондерталь
С) Кроманьон
D) "Саналы адам"
Е) Питекантроп
Дұрыс жауап: E
Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары
А) Күркелер
В) Ағаштан істелген қоршаулар
С) Лашықтар
D) Тұруға қолайлы орман арасы
Е) Үңгірлер
Дұрыс жауап: E
Алғашқы адамдардың аулаған аңдары
А) Қоян, арқар
В) Елік, ешкі
С) Қой, жылқы
D) Ұсақ аңдар
Е) Мамонт мен бизон
Дұрыс жауап: E
Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір.
А) Алтай өңірі
В) Алатау өңірі
С) Орталық Қазақстан жері
D) Алматы обылысы
Е) Жамбыл обылысы
Дұрыс жауап: E
Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі:
А) Дәнүккіштер мен сыналар
В) Келі, балталар
С) Қайла мен чопперлер
D) Келілер мен чоппингтер
Е) Қашау мен үшкір заттар
Дұрыс жауап: E
Достарыңызбен бөлісу: |