Жартылай көшпелі мәдениет.
Мал өсіру – адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Мал өсіру тас ғасырынң орта кезеңіне сәйкес келеді.Жаңа тас ғасырында адамдардың қауымдық құрылысы ыдырап, адамдар өзен –көлдердің жағасына қоныстанды. Мал басының өсіруінің дамыған уақыты қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Бұл малдың қоңдылығын арттыруға және мал басының көбеюіне әсерін тигізген. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау жартылай көшпелілікті көрсетсе, кейбір қыстаулардың маңында егін шаруашылығымен айналысушылық та болды. Шаруашылықтың мұндай түрлерін жартылай отырықшы мал өсіру деп атауға болады.
Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған.
Сөйтіп орта ғасырлардың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған.
Қала мәдениетінің дамуы.
Ассоцация құру.
Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломатиялық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |