Әдебиеттер: Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.
Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.
Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.
15 дәріс. Ерік Сабақтың жоспары: 1. Ерік туралы псиxологиялық теориялар мен көзқарастар.
2. Еріктің физиологиялық негіздері.
3. Ерік әрекетінің қалыптасуында екінші сигналдық жүйенің рөлі.
4. Ерік әрекетін талдау.
5. Тұлғаның негізгі сапалары.
6.Ерікті дамыту және тәрбиелеу.
7. Саналы әрекеттің еріктің қалыптасуындағы рөлі.
Epiк туралы жалпы түсінік
Табиғи және мәдени, материалдық және рухани қажеттiлiк пайда болатын жеке тушаның белсендiлiгiнiң мақсатты сипатқа ие болуы, әртүрлi ic-әрекеттер оның көмегімен адам қоршаған ортаны өзгерте алады.
Адамға ерiксiз және epiкті белсендiлiк тән. Ерiксiз белсеңдiлiк адамда алдын-ала ешқандай мақсатсыз пайда болады, ол белгiлi бiр сыртқы себептердiң негiзiнде қалыптасады. Ерiксiз белсендiлiк саналы ерекетсiз iскe асады.
Ерiктi белсендiлiк бiздiң қажетiмiз бойынша, алдын-ала қойылған мақсат негiзiнде пайда болады. Ол негiзiнен саналы әрекет болып табылады. Психиканың белсендiлiгi қозғалыста және ic-әрекетте анық байқалады. Қозғалыс пен iс-әрекеттің белсендiлiгiнiң түpi бойынша ерiксiз және epiктi болып бөлiнедi. Бiз epiк туралы айтқаңда, iс-әрекеттерде бaйқалатын саналы белсендiлiк деп бiлемiз.
Epiк - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетiн қиындықтар мен кедергiлердi жеңуге бағыттaлған адамның саналы психологиялық ic-әрекеті. Адам алдына әртүрлi мақсат қояды. Сол мақсатты орындау жолында epiк қайраты мен күш-жiгерiн жұмсайды. Кей жағдайда мaқcaтты орындау ешқандай қиындықты, күш жуұсауды қажет етпейдi. Epiктi үрдiстер әр уақытта ерiксiз белсендiлiктiң негiзiне байланысты iскe асады.
Ерiксiз қозғалыстарға рефлекторлық қозғалыстар жатады, мысалы: жөтелу, түшкiру, қас қағу, укол салу немесе күйген кезде қолды тартып алу. Бұл қозғалыстардың жүйке физиологиялық негiздерi шартсыз рефлекстер болып табылады. Күрделі ерiксiз қозғалыстардың жүйке физиологиялық негiздерi шартсыз рефлекстер тiзбегi инстинктiлiк ерекеттер болып табылады.
Epiк қозғалыстары мен әpeкeттepiнe, адамның эмоциялың көңiл-күйiн бiлдiретiн қозғалыстар мен ерекеттер жатады.
Адамның эмоциялық epeкшеліктepi туа бiткен iс-әрекеттерде және үйреншiктi iс-әрекеттерде аңғарылады. Эмоциялық әрекеттердің жүйке-физиологиялық негiздерi шартсыз және шартты рефлекстер болып табылады.
Ерiксiз қозғалыстар мен әрекеттер көп жағдайда санасыз пайда болады.
Ерiксiз қозғалыстар мен әрекеттерден айырмашылығы epiкті әрекеттер саналы түрде іске асады. Бұл жерде саналы ic-әрекет мақсат қоюда, мақсатты орылдауға алып баратын құралдар мен жолдарды алдын-ала таңдауда және оны icке асыру үшiн күш-жiгердi қолдануда байқалады.
Кей жағдайда мақсатқа жету ешқандай қиындық туғызбайды және ерекше күш жұмсауды қажет етпейдi. Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергiлердi жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар мен кедергiлер eкi түрлi болады, сыртқы және iшкi.