Сабақтың жоспары Тақырыбы: «Шығармамен жұмыс жасау»



Дата24.04.2017
өлшемі219 Kb.
#15002
түріСабақ
Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

домбыра сыныбының мұғалімі

Шонтыбаева Асем Токабаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы



Ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: «Шығармамен жұмыс жасау»

Сабақтың мақсаты: Оқушының аспапқа деген қызығушылығын арттыру,

шығармашылық қабілетін дамыту



Білімділігі: Жаңа шығырмаларды үйрету және меңгерту, музыкалық білімін тереңдетіп оқыту, жетілдіру

Тәрбиелілігі: Оқушының еліне, салт-дәстүріне. өнеріне сүйіспеншілігін ояту, арттыру

Дамытушылығы: Оқушының ойлау қабілетін, орындау шеберлігін дамыту

Оқушы: Таңатарова Назгүл

Сыныбы: 1

Көрнекілік құралдары: аспаптар, пульт, оқулықтар, үнтаспа
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Қорытындылау

5. Үйге тапсырма беру, бағалау
Сабақтың жүрісі.


  1. Ұйымдастыру. Оқушының оқу құралдарын тексеру. Аспатардың құлақ

күйін келтіру. Үйге берілген тапсрманы сұрау.


  1. Үй жұмысын тексеру. Оқушыдан өткен сабақта не берілгендігін,

дайындалуда қандай қиындықтар кездескіндігін

сұрау.


1. До мажор гаммасы – перне бойында саусақтардың

бірқалыпты жүргізілуі

2. В.Глейхман Этюд - жаттау, жүргізіп ойнау

3.Т.Камалдинов Алма ағаштың аясында – асықпай

орташа екпінде жатқа ойнау

4. И.Беркович Этюд – нотамен жүргізіп санап ойнау.


Оқушыға тапсырмаларды кезегімен ойнатқыза отырып, қателескен жерлерін қайталап түсіндіру. Оқушының перне бойындағы саусақ басылымдарына, оң қолдың қағыстарына мән беріп, қадағалап отыру керек.


  1. Жаңа сабақ. 1. Ф.Шуберт Экоссез.

Шығармаға анализ жасау, ерекшеліктерін түсіндіру. Ойнап көрсету, тремоло штрихымен жұмыс жасау. Оқушының оң қолына тремоло штрихына арналған жаттығуларды ойнату.

Тремоло (итал. tremolo - дірілдеу) - бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады.


Шығарманың 8 тактісін ойнату. Оқушының шығарманы түсінуіне, қолының икемділігіне қарай соңына дейін ойнатуға болады.

2. Халық күйі «Кеңес».

Кеңес – ұғым-түсінікке, іс-қимылға байланысты, оншақты түрі бар. Алғашқыда сыбызғы аспабына арналып шығып, кейіннен домбыра аспабымен де ойналған.

Халық күйлері деп аталуы – авторы белгісіз, ерте заманнан бері халық арасында кеңінен таралып, осы уақытқа дейін жеткен, халықтың тұрмыс-тіршілігінен, іс-қимылдарынан, ой-сезімдерінен, ұғым-түсініктерінен туындаған.

Күйге анализ жасау, аппликатуралық, динамикалық ерекшеліктерін, қағыстарын айта отырып, шығарманы ойнап көрсету, үнтаспадан тыңдату. Оқушыдан күйді орындағанда санап отыруын талап ету керек. Алғашқы 24 тактісін нотамен жүргізіп ойнаумен жұмыстану.




  1. Қорытындылау. Оқушыдан жаңа сабақтағы шығарма мен күйді қалай

түсінгендігін сұрап, анализ жасату. Термоло штрихымен тағы бір рет жаттығу жасау.


  1. Үйге тапсырма беру, бағалау. Шығарма мен күйдің алғашқы бөлімдерін нотамен жүргізіп ойнап келу, тремоло мен жұмыс жасау. Оқушыны үй тапсырмасын орындауына және жаңа сабаққа қатысына байланысты бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет