Сабақтың жоспары


География пәнін оқытудың мақсаты



бет28/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
лекция тезистері

География пәнін оқытудың мақсаты ұзақ мерзімді оқу жоспарының әр бөлімде белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес оқушыларға табиғи, экономикалық және әлеуметтік нысандар мен құбылыстар арасындағы кеңістік-уақыттық қатынастар мен өзара тәуелділіктер жөнінде теориялық білім негіздерін меңгерту. Географиялық мәдениетті меңгерген, әлемнің географиялық бейнесін, географиялық ойлауды, географияның әдістері мен тілін білетін және қолдана алатын тұлғаларды тәрбиелеу.
География пәнін оқыту төменде көрсетілген білім негіздері мен
құндылықтар жүйесін қалыптастыруды қамтиды:
1. Жердің табиғаты, оның алуан түрлілігінің себептері, популяция және оның экологиялық қызметі туралы білімге негізделген өмірлік құндылықтар жүйесін, «адам-табиғат-қоғам-мәдениет» қарым-қатынас үрдісінде оқушының мінез-құлқын реттейтін қоршаған ортаға құндылық қатынасы жүйесін қамтитын тұлғаның географиялық мәдениетін қалыптастыру.
2. Адамның аумақтық табиғи-әлеуметтік жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы идеяларының жиынтығын қамтитын әлемнің географиялық бейнесі туралы білім мен іскерлік дағдылар жүйесін меңгерту.
3. Аумақтық, өңірлік, жаһандық ауқымдағы географиялық нысандардың, құбылыстар мен үрдістердің және олардың арасындағы байланыстардың маңызды қасиеттерін тану және көрсету үрдісін қамтитын географиялық ойлауды қалыптастыру
Білім мазмұны жаңартылған география пәнін оқыту төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- табиғи және антропогендік нысандарды, құбылыстар мен үрдістерді қамтитын әлемнің географиялық бейнесін ашу, қоршаған ортаның аумақтық айырмашылықтары, олардың шынайы сипаты мен адам өмірі үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
- білім алушылардың табиғат пен адам қоғамның өзара байланысы және олардың кеңістіктік ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастарын дамыту;
-қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
- білім алушылардың географиялық ғылымның негізгі түсініктерін, терминдерін, зерттеу әдістері мен дағдыларын меңгеру;
- кеңістіктік ойлау, заманауи сандық технологиялар мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
- географиялық білімді практикада, күнделікті өмірде қолдану дағдыларын әзірлеу.
Негізгі мектепте оқытылатыгн география пәнінің базалық мазмұны.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасына (ұзақ мерзімді оқу жоспарына) сәйкес география пәніннің мазмұны бір-бірімен өзара байланысқан және бірін-бірі толықтыратын 6 бөлімнен тұраты. Қарастыратын мәселелерінің ауқымы кең болуына байланысты физикалық география бөлімі 5 бөлімше тармақтарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет