Аталған оқулықтарды https://okulyk.kz сайтынан электронды нұсқасын жүктеп алуға болады.
10-11 сынып географиясының білім мазмұны жаңартылған география пәнін оқытуда төмендегі мақсаттар мен міндеттерді шешуді көздейді:
Мақсаты: оқушылардың бұрын алған білімдері мен қалыпатасқан іскерлік-дағдыларын кеңейту, жүйелеп қорытындылау. Оқушылардың назарын адамзаттың жаһандық келелі мәселелерге, біздің ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға аудару. Жалпы география курсы бүкіл адамзат мәдениеттінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп оқушысының географиялық мәдениетін қалыптастыру үрдісін аяқтайды.
Оқу бағдарламасы курстың төмендегі мәселелерді шешуін көздейді:
- оқушыларды қазіргі заманғы география ғылымының теориялық және тәжірибелік бағыттарымен, адамзаттың негізгі келелі мәселелерінің географиялық астарларымен және оларды шешу жолдарымен, зерттеудің қазіргі заманауи әдістерімен, географиялық білімдердің дамуының жаңа бағыттарымен таныстыру;
- география ғылымы мен ғылыми білімдерді шаруашылықты ұйымдастыру және қоршаған ортаны мониторинглеу үшін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін көрсету;
- географиялық нысандар мен қоршаған ортаның құбылыстары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Міндеттері: - мектеп оқушыларында қоршаған орта және оның дамуы туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
- географиялық кеңістікте туындап отыратын ең өзекті саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді түсіндіру;
- қоғам мен табиғаттың үйлесімді дамуының негізі ретінде тұрақты даму мәселесінің мәнін ашып көрсету. өркениеттің ірі аймақтарының пайда болы мен дамуы, дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы кезеңдері мен ондағы сандық және сапалық өзгерістерді анықтап, қазіргі кезеңдегі елдердің негізгі топтарына экономикалық-географиялық тұрғыдан талдау жасалау;
- дүниежүзінің табиғат байлықтарының түрлерімен оларды игеруге байланысты туындаған ғаламдық келелі экологиялық мәселелерді анықтап, оны шешудің маңызын ашып көрсету;
- дүниежүзінің халқың жастық жыныстық және діни құрамы, халықтың табиғи және механикалық қозғалысы, оладың қоныстануының негізгі белгілері, ірі халықтар мен кең тараған тілдер, дүниежүзінің еңбек қорлары жөнінде жан-жақты үсінік беру;
- халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы мен маңызды орталықтары, оның қлыптасуына әсер ететін негізгі факторлар, дүниежүзілік нарық және халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық сауда-экономикалық байланыстың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері, жаһандану мен аймақтанудың нарықтық мәселелерінне анықтау.
Жаратылыстану математика бағытындағы «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 4сағатты, оқу жылында 136 сағатты құрайды.
Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Екі бағыттағы география пәнінің оқу мақсаттары өте ұқсас үлкен айырмашылығы жоқ және бөлімдері бірдей.
Географиялық зерттеу әдістері, картография және геоинформатика, табиғатты пайдалану және геоэкология бөлімдерін оқыту әдістемесі 10-11 сыныптағы аталған бөлімдердегі оқу мақсаттарынан білім берудегі спиральдылықты байқауға болады.