Сабақтың жоспары



бет1/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері




ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ






.

Сағат көлемі

1 Дәріс
Географияны оқыту әдістемесі – ғылым ретінде. Географияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
__________________________________________________________________
Сабақтың жоспары.
1.Географияны оқыту әдістемесі пәні. Зерттеу әдістері.
2.Географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
3.Географияны оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері мен кезеңдері
1. Географияны оқыту әдістемесі пәні. Зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы


Бүгінгі таңда еліміздегі барлық қоғамдық жүйе дамудың жаңа кезеңінде тұр. Өсер ұрпақты осындай өзгермелі өмірге дайындауда негізгі тұлға болып табылатын мұғалімдердің біліктілігіне жоғары талаптар қойылуда. Пәнді терең меңгерумен қатар рухани-мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа меңгерту міндетін шешуді көздейтіндіктен қазіргі кезеңде мұғалімнің кәсіби-әлеуметтік қызыметі кеңейіп күрделенуде.
Мектептегі өзгерістер мен оқушылардың жететін жетістіктері көп жағдайда олардың біліміне, педагогикалық шеберліктеріне, белсенділіктеріне, жаңа сатыдағы заманауи мектептерді құруға деген сенімдеріне тікелей байланысты болады.
Жаңарған қоғамда мұғалім болу үшін теорияны меңгеріп, педагогиканы, психологияны, пәнді оқыту әдістемесін білу қажет. Теориялық білімсіз, оқыту әдістемесінің классикалық негіздерінсіз шығармашылықпен жұмыс істеп, тұрақты түрде білімді тереңдету, пәнді оқыту әдістемесінің дамуының негізгі бағыттарын, озық педагогикалық тәжірибелерді, жаңашылдықтың бағыттарын, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін меңгеру мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет