Сабақтың жоспары
1.Білім мазмұны жаңартылған мектеп географиясының спиралдық жүйемен құрылу ерекшеліктері
2.Жаратылыстану және география мектеп курстары бағдарламасын әдістемелік құралуы
3. Білім мазмұны жаңартылған мектеп географиясының мазмұны мен құрылымы
______________________________________________________________
Білім мазмұны жаңартылған мектеп географиясының спиралдық жүйемен құрылу ерекшеліктері
Мектеп географиясының білім мазмұны жаңартылған мектеп географиясының бағдарламасын енгізіудің мақсаты жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өзекті және перспективті қажеттіліктеріне сәйкес келу, қоғамда әлеуметтік бейімделуге, еңбек қызметін бастауға, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті өз елі азаматының жан-жақты дамыған жеке тұлғаларын дайындау. Оны еркін ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және білім беру үрдістерін үлгілейтін мұғалім мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады.
Пәннің мазмұнын жобалау кезінде қарапайымнан біртіндеп күрделенуге негізделген спиральдылық қағидасы оқушылардың білімдері мен дағдыларын біртіндеп – тақырыптар мен сыныптар бойынша қарапайымнан күрделіге ауыса отырып арттыруға мүмкіндік береді. Ол оқуға ыңғайлы, білімалушыларға да, мұғалімдерге де қол жетімді және түсінікті.
Спиральдылық қағида оқу материалын ұсынудағы сабақтастықты және қоршаған әлемді неғұрлым тұтас қабылдау үшін біріктіруді біріктіруді қамтамасыз етеді.
Пәнаралық құрамдасу және өтпелі тақырыптар арқылы оқыту пәнаралық байланыстарды орнатуға, көптеген оқу пәндерімен байланыс нүктелері бар салаларда білім, білік, құндылық бағдарлары мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Пән аралық бай Қазақстандық оқушыларды дамыту оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын өз бетімен дамытып, білімін белсенді түрде алуға, қолдану талдау жинақтау бағалау мүмкіндік беретін коллаборативті оқу ортасын қалыптастыу арқылы жүргізілетін болады.
Жаңартылған бағдарламаны қолдану барысындағы мұғалімдердің міндеті-оқушыларға негізгі адами нормалар мен моральдарды сіңіру, төзімділік пен басқа мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет қалыптастыру, жауапты, дені сау баланы тәрбиелеу.
Жаңартылған оқу бағдарламасы-бұл жаңа тұрғылар, әдістер, стратегиялар, бұл әзірленген өлшемдері мен оған сәйкес келетін дескрипторлары бойынша өлшемдік бағалау, оқу жоспарлаудың жаңа нысандары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді), қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдері тәсілдері, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде оқытуды біртіндеп енгізу.
Жаңартыған оқу бағдарламасының ерекше белгілерінің Айрықша ерекшеліктері:
- берілетін білім қарапайымнан (білі, түсіну, қолдану) тақырыптан тақырыпқа, сыныптан сыныпқа біртіндеп күрделену арқылы меңгеріліп іскерлік пен дағдылары, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды көздейтін спиральдылық қағидаға негізделуі;
- оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға негізделген бастауыш
деңгейден (білім, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейінгі (талдау, жинақтауу, бағалау) оқу мақсаттарына назар аударылуы;
- қазіргі уақытта аса маңызды үш тілділік бағдарламасын толыққанды енгізу үшін негіз болатын пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «өтпелі тақырыптардың» болуы
-білім беру бағдарламасын жаңарту және өлшемдік бағалау жүйесін енгізу контекстінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім мазмұнының кәсіби білікті маман ретінде пән мұғалімдеріне қоятын басты талабы белгілі бір оқу пәндерінен алатын білім мен қалыптасқан іскерлік пен дағдылардың жиынтығы болып табылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Ол өмірлік мәселелерді шешуге, қоғамның өзгермелі ортасына сәтті бейімделуге және өзін әр түрлі іс-әрекетте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттер мен ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін игерудің қажетті және жеткілікті деңгейімен сипатталатын оқушылардың білім алуының негізгі деңгейі ретінде қарастырылады. Спиральды оқу бағдарламасының артықшылықтары:
- оқушылардың алға қойған оқу мақсаттарына жету үшін бұрын алған білімдерін қолдануды енгізу ұсынылады;
-жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;
-әр қайталау кезінде тақырыптың немесе тақырыптың күрделілігі артады. Спиральды білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан күрделі ыңғайлы жолға өтуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |