Сабақтың жоспары



бет7/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері

Географиялық заңдылықтар. Географиялық нысандардың, құбылыстар мен үрдістердің арасында салыстырмалы түрде қалыптасқан тұрақты байланыстардың үздіксіз қайталанып отыру үрдісін заңдылық дейміз. Физикалық география курсында географиялық қабықтың тұтастығы, зат пен энергия айналуы, ырғақтылығы, зоналығы, сонымен қатар табиғаттың жекелеген құрамдас бөліктерінің түзілу заңдылықтары сияқты жалпы заңдылықтар қарастырылады.
Экономикалық географияда оқушылар нарықтық экономикалық қатынас жағдайында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен саяси құрылысы әр түрлі елдерде шаруашылықтың даму заңдылықтарымен таныса алады.
Мектеп географиясындағы теориялар. Табиғат пен адам қоғамының белгілі бір саласының негізгі заңдылықтарын ашып көрсетуді теория дейміз. Оларға физикалық географиядағы табиғи аудандастыру, экономикалық географиядағы экономикалық–географиялық аудандастыру, өндірістік циклдар, аумақтық өндірістік кешендер, (кластерлер) энергия-өндірістік кешендер теориялары бар (1-кесте).


1-кесте.Мектеп географиясындағы теорияларды жіктеу



Жалпы география-
лық теориялар

Физикалық-география-
лық теориялар

Экономикалық географиялық теориялар

Аралық ғылымдар теориялары

болжау теориясы

географиялық бағалау теориясы

экономикалық аудандастыруды

этногенез теориясы

тұрақты даму теориясы

физикалық география-
лық аудандастыру

Дүниежүзілік шаруашылық теориясы

геосаясат теориясы

аймақтық даму теориясы

литосфералық тақталар теориясы

Кенттену (урбандану) теориясы




Ұғымдар. Географиялық нысандардың бейнесін абстрактілі түрде адамның көз алдына ойша елестетуін ұғым дейміз. Географиялық нысандардың бейнесі жасалу жолдарына қарай екі түрлі болады. Географиялық нысанның бейнесін қазіргі аудиокөрсету құралдарының көмегімен немесе танымдық жорық барысында тікелей көзбен көру арқылы есте сақтау. Біріншілері нысаның өзін көру немесе сәйкес келетін көрнекі құралдардың көмегімен көз алдына елестету негізінде түзіледі. Оған белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында географиялық нысанның суретін немесе оқу бейне фильмдерін интербелсенді тақтада, компьютерде көрсету арқылы ұғымдарды есте сақтату жатады.
Екіншісіне көрмесе де оқуы немесе мұғалімнің сырттай сипаттау барысында сенсорлық жүйелерге әсер ету нәтижесінде нысандардың бейнесін көз алдына ойша елесту арқылы есте сақтау жатады. Көз алдына ойша елестету арқылы есте сақтаудың көмегімен оқушы оқулықтағы заттың сипаттамасы арқылы орман, дала, химия зауты, су электр станциясы т.б. ұғымдарды меңгере алады.
Мектеп геолграфиясындағы теориялық және эмпирикалық білім табиғаттың жеке құрамдас бөліктеріне, аумақтық табиғат кешендеріне, шаруашылықтың жеке салаларына, экономикалық аудандарға сипаттама беру түріндегі білім кешендері Жинақтауделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет