Сабақтың жоспары


Географиялық түсініктер мен ұғымдар



бет6/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері

2.Географиялық түсініктер мен ұғымдар. Абстрактылы ойдың нәтижесінде сыртқы дүниенің адамның санасында бейнеленуінің нышанын түсінік дейміз. Географияның барлық курстарында жалпы түсініктер басым. Дидактика мен жеке пәндерді оқыту әдістемесінде түсініктерді білімнің ерекше бірлігі ретінде қарастырады. Түсініктер жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.
Жеке емес, біртекті заттар мен құбыстарға тән ерекшеліктерді айқындайтын түсініктерді жалпы түсініктер дейміз. Оларға климат, гидросфера, жер бедері, геосинклинальды аймақтар, географиялық еңбек бөлінісі сыяқты ортақ белгілері бар түсініктер жатады. Барлық курстарда басым болатын мектеп географиясының ғылыми іргесін құрайтын жалпы түсініктердің белгілері оған жататын барлық түсініктерге ортақ болуымен ерекшеленеді.
Мұғалімнің оқу материалының басты мазмұнын ашуына мүмкіндік беретін негізгі жалпы түсініктер мектеп бағдарламасында «ауа массалары түсінігі», «геосинклиналь түсінігі» «географиялық еңбек бөлнісі түсінігі»,
«атмосфералық шептер түсінігі» сияқты «түсінік» терминімен беріледі.
Нақты бір географиялық нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері мен белгілерін, оларға тән қасиеттерді айқындайтын түсініктерді жеке түсініктер дейміз. Жеке түсініктер жеке нысандар мен құбылыстардың жеке ерекшеліктерін сипаттайды. Мектеп географиясында жеке түсініктер мен ұғымдар бір–бірімен өзара байланысын қамтамасыз ететін күрделі құрылым түзеді. Жеке түсініктердің мазмұнын белгіленген жоспар бойынша материкке, өзенге, көлге, өнеркәсіп салаларына сипаттама беру арқылы ашады.
Бір ізді себеп – салдарылы байланыстар.Географиялық нысандар мен құбылыстардың пайда болу себептерін, оған әсер ететін негізгі факторларды ашып көрсетуді бірізді себеп–салдарылы байланыстар дейміз. Бұл байланыстарды ашу тереңдігі географиялық білімнің ғылыми деңгейін, оның география ғылымының талаптарына сәйкес келуін көрсетеді. Бірізді себеп-салдарлы байланыстар мектеп географиясында оқытылатын география ғылымын меңгертуге мүмкіндік беретін педагогикалық проекция қызметін атқарады. Табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстардың пайда болу жолдарын анықтау үшін олардың арасындағы алуан түрлі себеп-салдарлы байланыстарды кешенді қарастыру тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет