Сабақтың жоспары


лекция Мектеп географиясын оқыту әдістері



бет9/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
4 лекция
Мектеп географиясын оқыту әдістері
________________________________________________________
Сабақтың жоспары
1.География сабақтарында қолданатын дәстүрлі оқыту әдістері
2. География сабақтарында қолданылытын белсенді және интербелсенді әдістердің негізгі түрлері
3. Мектеп географиясының дәстүрлі оқыту әдістері
__________________________________________________
1.География сабақтарында қолданатын дәстүрлі оқыту әдістері


Оқыту әдісінің мәні. Әдістеме (Methodos) – грек тілінде «жол», «іс-әрекеттің тәсілі» деген мағананы білдіреді. Сондықтан оқыту әдісін білім алушылардың қзығушылықтарын, танымдық ой әрекеті мен зиаткерлік әлеуетін дамытуға, білім мен іскерлік-дағдыларды меңгертуге мүмкіндік беретін мұғалімнің тұрақты түрде оқушымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелі түрде пайдалану ретінде қарастыруға болады.
Оқыту әдістері оқушыларды өз бетімен белсенді танымдық ой әрекеттерін атқаруға дағдыланып географиялық білімнің мазмұнының барлық құрамдас бөліктерін толық меңгертуге, дүниетанымдарын қалыптастыруға, ой өрістерін дамытып тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Білім берудің мақсатына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерінің ретіне келтірілген әдіс-тәсілдерінің жиынтығын оқыту әдістері дейміз.
Қазіргі кезеңдегі мектептердің оқыту әдістері оқушылардың өз беттерімен жүргізетін оқу-танымдық әрекеттері тұрғысынан қарастырылады. Сондықтан оқушыларға оқу жұмыстарын тиімді және нәтижелі жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерту қажет.

1-сурет. Географияны оқыту әдістеріне кешенді тұрғыдан қарау

Оқыту әдістерінің сыртқы және ішкі жақтары болады. Сыртқы жақтарына оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мұғалімнің білім көздерін, әр түрлі оқыту құралдарында сақталған оқу материалдарының мазмұнына сәйкес әдістерді таңдаудың нысандық астары жатады.


Оқыту әдістерінің ішкі жақтары оқушылардың оқу ақпараттарын өңдеп, логикалық іс-әрекеттердің көмегімен меңгеру жолдарын қамтиды. Логикалық іс-әрекеттерді құру арқылы жүзеге асырылатындықтан бұл әрекет байқалмайды. Мұғалім ол туралы ақпартты оқушы еңбегін бақылау нәтижелерін шығарғанда ғана ала алады.
Оқушылардың оқу материалдарын меңгеру сипатын білім алу барысында жұмыс істейтін оқыту құралдары мен мұғалімнің ықпалын қамтитын оқыту әдістерінің сыртқы жақтары мен анықтайды. Мұғалімнің шеберлігі мен оқыту ықпалын қабылдауға әр оқушының дайындығы оқыту әдістерінің ішкі жақтарына жатады. Сондықтан оқыту әдістерінің басты белгісі мұғалімнің оқыту ықпалы мен оқушылардың оқу әрекетінің тұтастығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет