Педагогикалық технология бұл-жоспарланған нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз ететін оқыту теориясына негізделетін оқыту әдістерінің, тәсілдерінің, ұйымдастыру нышандарының және оқу әрекеттерінің үйлесімділігі. Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты жоспарланған нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған оқыту әдістерінің, мұғалім мен оқушылардың өзара үйлесімді әрекетін ұйымдастыру.
Әр түрлі ұйымдастырылған оқыту үрдісінде қолданылатын «технология»термині шет елдік әдістемеден енген. Оның төмненде көрсетілген бір-бірінен айырмашылығы болатын екі түсінігі бар:
а) оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы;
ә) компьютерлдік бағдарламалар, географияның жаңа мультимедиа оқулықтары сыяқты оқыту құралдарына қатысты алынатын оқытудағы технология. Бірақ бірінші және екінші жағдайда да технологияларды пайдалану дидактикалық міндеттерді шешуде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.
Педагогикалық технологиялдар мұғалім мен оқушыларға ықпалды қалай оңтайлы ұйымдастыру керек екніне негізделеді. Ол алдыға қойылған мақсатқа қолжеткізуге кепілдік беретінлдей оқу үрдісі жобаланып жүзеге асырылады. Мұнда мұғалімнің және оның басшылығымен жүзеге асырылатын оқушылардың іс-әрекеті орындалуы белгілі бір ретпен жүргізілетін әрекеттер тізбегіне сәйкес ұйымдастырылып алдын-ала жобаланған күтілентін нәтижелерге қолжеткізіледі. Қорыта айтқанда технология сабақтың белгіленген мақсатына қолжеткізуді жан-жақты ойластырып алдын-ала анықтауға ұмтылады.
Технолгиялық тізбек пәннің (курстың, тақырыптың, жеке сабақтардың) мақсатына сәйкес мұғалім мен оқушылардың өзара байланысқан әрекеттерін белгілі бір ретпен жүзеге асыра отырып барлық білім алушыларға пән бойынша міндетті түрде берілетін жалпы білімнің мазмұнын меңгертуге кепілдік беруі тиіс. Кез-келген оқыту технологиясының міндетті бөлігі оқыту нәтижелерін болжауға әр түрлі өлшеуді пайдалану болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекет ғылым мен өнер, шығармашылық нормаларының үйлесімді жиынтығы болғандықтан технологияны оқу үрдісіне енгізу қиын. Оқыту технологияларында бағдарламаланғандар көп болғанымен оқушылардың шығармашылық әрекеті аз. Онда қойылған мақсатқа сәйкес оқу үрдісін басқару нақты жолға қойылған.
Ағымдағы кез-келген іс-әрекет түрлерінде мұғалім мен оқушылардың еңбектерінің нәтижелері алдын-ала жоспарланатындықтан білім алудың әдіс-тәсілдерін тираждауға мүмкіндік береді. Іс-әрекеттердің алгоритмі шығармашылықтан, әрекеттен алыс болады. Оқу үрдісіндегі ағымдағы әдіс бірегейлігінен, көркемдігінен, қайталанбауынан айрылған стандартты өнім беруі мүмкін. Бірақ әдістеменің құрамдас бөлігі ретіндегі технологияның қолданысқа енуге толық қанды құқығы бар.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі алдыға қатаң мақсат қойуды, оқу үрдісін қатаң
басқаруды ұсынбайды. Оқыту әрекетін әдістемеде мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы айқындайды, кері байланыс әлсіз, оқушылардың оқу жетістігін бағалау субъективті түрде жүргізіледі.
Педагогикалық технология мұғалім мен оқушылар әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға негізделеді. Оның негізгі белгілеріне төменде көрсетілгендер жатады:
- қойылатын оқыту мақсатының алдын-ала болжалып жасалуы;
- оқу мақсатына қолжеткізуге кепілдік беруге бағытталуы;
- болжанатын тексеру жұмыстары арқылы жедел кері байланысының болуы;
- оқытудың ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелерінің міндетті түрде бағалануы;
- кез-келген мұғалімнің қайтадан өту арқылы оқыту әрекеттерін жаңғытту мүмкіндігінің болуы.
Оқыту технолгиясында мақсаттар болжанып қойылады да оқушылардың әрекеттері арқылы көрніс табатын оқыту нәтижелермен анықталады. Мұғалім ол әрекеттерді өлшеп бағалауы мүмкін. Дәстүрлі әдісте оқыту мақсаты айқын берілмейді (мысалы, климат туралы білім беру немесе климатты оқып үйрену). Ал оқыту технологиясында біледі, түсінеді, пайдаланады, түсіндіреді, талдайды, бағалайды, болжайды деген терминдерді қолдана отырып, божау мақсатын қояды.
Болжау мақсатын қаыптастырып болған соң меңгерілетін барлық оқу материалдары мағаналық бөліктерге бөлінеді. Әр бір бөлікке болжанатын тексеру жұмыстары жасалады. Содан кейін оқыту, тексеру, ағымдағы бақылау түзету енгізу және қайта оқыту жүзеге асырылдаты. Ол берілген мағаналық бөліктердің оқу элементері толық меңгергенше қайталанады.
Оқыту технологиясы мұғалімге сабақ жоспарында өзінің және оқушылардың оқу әрекетінің түрлері мен тәсілдерін, кездесетін қиындықтарды, білімалушылардың «ойлау әрекетін» көрсетуді, оқу материалдарын оқушылардың көзімен көруге мүмкіндік беретін ұсынылатын танымдық міндеттердің жауаптарын жоспарлауды талап етеді. Мұның барлығы мұғалімге оқу әрекетінің барысын жоспарлауға, оқу үрдісін кеңейтілген жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Оқыту технологиясының ең мәнді құрамдас бөліктеріне оқыту нәтижелерін болжау, кері байланыс орнату, білімді шынайы бақылауды қамтамасызету жатады. Бұл міндеттер оқушылардың меңгерген білімін бақылаудың арнайы өлшемдерін жасау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық технологиялар оқытудың барлық мақсаттары мен деңгейлеріне есептелген стандартты ағымдағы және қорытынды тапсырмаларды (тестерді) құруды қажет етеді. Дидактикада оқыту технологияларын төменде көрсетілген үш негізгі топқа бөледі:
- жалпы оқыту (оқыту-ұйымдастыру, оқу-зиаткерлік, оқу-ақпараттық), арнайы іскерлік-дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларға ақпараттар беріп, олардың репродуктивтік әрекеттерін ұйымдастырыларды көздейтін түсіндірмелі-көрнекілік оқыту технологиясы;
- қоғамдық-тарихи тәжірибенің нәтижелерімен үйлестіру арқылы оқытуды жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға негізделе отырып, баланың жеке субъективті тәжірибелерін ашуға бағытталған жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясы (И. С. Якиманская);
- оқушының жеке тұлғасын дамытудың ішкі тетіктерін қосу бағытталған оқыту тәсілдеріне неізделген дамыта оқыту технологиясы.
Бұл топатғы әр бірі бірнеше оқыту технологиясынан тұрады. Атап айтсақ, жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясының тобы деңгейі әр түрлі (даралап) оқыту, өзара ұжымдық оқыту, білімді толық меңгеру, үлгілеп оқыту технологиясын қамтиды. Бұл технологиялар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, мұғалім мен оқушылардың өзара үйлесімді қарым-қатынасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім жұмысының тәжірибесіне жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясмын енгізу оқытудың басты нәтижесі дүниежүзінің ғылыми-географиялық және жеке бейнесінің өзара байланысынан оның түрленуіне, оқушының өзін-өзі дамытуға және тәрбиелеуге ереше назар аударады.
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқу материалдарының мазмұнына, түрлеріне, нышандарына, оқу уәжіне қатысты алғанда оқушылардың қызығушылықтары мен іс-әрекеттердің түрлерін анықтау.
Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясмын пайдалану барысында төменде көрсетілген шарттарды сақтау қажет:
оқу материалдарын жеке мағаналық бөліктерге бөлу және олардың әрқайыссына оқушыларда танымдық қажеттіліті тудыратын оқу-танымдық міндеттер қою;
- оқушылар үшін оқытудың шынайы мәнін мақсаты емес, пәнге қатысты уәжі айқындайтындықтан арнайы оқу-танымдық уәжін жасау;
- өзінің мазмұны оқушылардың әрекеттерін жаңа оқу материалдарын оқып үйренуге, іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге бағыттайтын бағдарланған танымдық оқу міндеттерін қою;
- өзекті жағдайлар мен зиаткерлік қиындықтарды тудыру арқылы оқу міндеттерін жүзеге асыру.
Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологияларын пайдаланудың біршама мол тәйірибесі жинақталған. Солардың ішіндегі танымалы ереже, үлгі, алгоритм, географиялық нысандарға сипаттама беру жоспары түрінде берілетін оқу жұмыстарының тәсілдерін қалыптастыру әдісі (технологиясы). Бұл технология бір қатар география оқулықтары мен әдістемелік құралдардың әдістемелік аппараттарында көрніс тапқандықтан оны мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданады.
Педагогикалық қызыметтерін жаңадан бастаған мұғалімдер өздерінің назарын оқу жұмыстарының тәсілдерін қалыптастыру арқылы географиялық іскерлікті дамыту технологиясы көрніс тапқан 5-6 сыныпта оқылатын білім мазмұны даңартылған жаратылыстану оқулығының әдістемелік аппаратына аударуы тиіс.