Сабақтың жоспары



бет8/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
Іскерлік-бұл оқушының бұрын алғандарына сүйеніп жаңа біліміді меңгеруіне және оқу міндеттерін шешу барысында оларды іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін саналы түрде орындалатын бірінен бірі туындайтын жаттығулар нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекеттердің тәсілдері. Іскерлікті әр пайдаланған сайын мұқият ойлануды қажет ететіндіктен оған бірден жылдам жауап беру тән емес. География ғылымының сипатының өзгеруіне, түбегейлі түрлендіру қызыметінің күшеюіне байланысты географиялық білім мазмұнындағы бұл құрамдас бөліктің рөлі жылдан-жылға артуда.
Географиялық түсініктерді қалыптастырудағы индуктивті және дедуктивті жолдары.
Жоғарыда аталған пайымдауларға сәйкес география сабақтары үшін жалпы түсініктерді қалыптастырудың индуктивті және дедуктивтік жолы тән. Бұл жолдарды таңдауға төменде көрсетілген бірқатар жағдайлар анықтайды:
- біріншіден, оқушыларды жергілікті материалдар негізінде жалпы түсініктерді индуктивті жолмен қалыптастыруға жағдай тудыратын жергілікті жердегі нысандармен, құбылыстармен танысу мүмкіндігі болуы.
- екіншіден, бір шама абстракция теориялық түсініктер дедуктивті жолмен қалыптастырылады.
-үшіншіден, іскерлік, салыстыру талдау, белгілі бір құбылысқа тән белгілерді іріктеу сыяқты оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейі
әсер етуі.
Дедуктивтік жол оқушылардың салыстыру, талдау жинақтау сияқты
логикалық ой әрекеттеріне сүйенетін абстракциялық әрекеттерге жоғары талап қояды. Ал индуктивтік жол бақылау жасай білуді, салыстырыуды, ой қорытындыларын шығаруды ұсынады;
-төртіншіден жалпы түсініктерді қалыптастыру оқу уақытын қажет етеді.
Теорияларға, заңдылықтарға негізделіп көрмеген нысандар мен құбылыстарды абстрауциялық ойлау арқыл меңгертуді жалпы түсініктерді
қалыптастырудың дедуктивті жолы дейміз.
Нысандарды, құбылыстар мен үрдістерді көзбен көріп бақылау арқылы оларға тән белгілерді анықтау, талдау негізінде білімді меңгертуді жалпы түсініктерді қалыптастырудың индуктивті жолы дейміз.
Жалпы түсініктерді меңгертудің индуктивті жолына 8 сыныпта қарастыратын бұлақ түсінігін мысал ретінде қарастыруға болады. Мұғалім оқушыларға бұлақ деген не? Оны кім көрді деген сұрақ қояды. Содан кейін бұлақ пен құдықтың арасындағы айырмашылықты таптырады.
Келесі кезеңде мұғалім бұлақ суды қайдан алатынын түсіндіреді. Бұдан кейін интербелсенді тақтаны пайдаланып шағын оқу бейне көрністерін, сызба-нұсқаларды көрсету арқылы бұлақтың түзілуіне негіз болатын «еспе су», «қабатаралық су», «су өткізетін қабат», «су өткізбейтін қабат», «сулы қабат» түсініктерінің мәнін ашып оларды түсіндіреді. Жергілікті жерде тұмалар мен бастаулар болса оған танымдық жорық ұйымдастырып жерасты суы қандай тау жыныстарының арасынан шығып жатқанын көрсетуге болады.
Келесі кезеңде танымдық жорық барысында жиналған деректерге немесе суреттер мен сызба-нұсқаларға талдау жасау арқылы жерасты суының қоректендіретін су көздері, еспе су мен қабатаралық сулардың түзілу жолдарын анықтау арқылы жерасты суы тақырыбына қатысты негізгі түсініктер қалыптастырылады.
Индуктивтік жолда оқушыларға заттар мен құбылыстарға тән қасиеттерді тікелей көру, бақылату арқылы оқытып үйрету тиімді. Бірақ ол оқытудың басты мақсаты заңдылықтарды, себеп-салдарлы байланыстар, табиғаттағы немесе қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістер арасындағы тәуелділіктерді меңгерту міндеттерін шеше алмайды.
Сондықтан жалпы түсініктерді қалыптастырудың негізгісі дедуктивтік жол болып табылады. Ол оқушыларды ғылыми танымның географиялық әдістерімен таныстырып оқу материалдарына теориялық талдау жасауға үйретеді. Дедуктивтік жолда мұғалім оқушылардың бұрын меңгерген теориялық білімдеріне, үрдістер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға негізделіп тақырыптың мәтініне, суреттер мен карталарға талдау жасау арқылы жалпы түсініктерді қалыптастырады. Жалпы түсініктерді қалыптастырудың индуктивті және дедуктивті жолына тән ерекшеліктер 2-кестеде берілген.

4-кесте.Жалпы түсініктерді меңгертудің индуктивті және дедуктивті жолдарында мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері



Түсініктерді меңгертудің индуктивті жолындғы оқушылардың іс әрекеттері

Түсініктерді меңгертудің дедуктивті жолындағы мұғалім мен оқушылардың іс әрекеттері

- нысандар мен құбылыстарды бақылау,
салыстыру негізінде оларға тән белгілерді анықтау;
- жинақтау;
- жеке белгілері анықталған белгілі бір түсініктермен жұмыс істеу;
- алған білімді іс жүзінде пайдалану

- мұғалімнің түсінікке анықтама беруі;
- түсінікке тән белгілер мен байланыстарды анықтау жұмыстарын ұйымдастыру;
- нысандар мен құбылыстардың пайда болу үрдістерңін немесе шығу тегін анықтау;
- түсініктерге тән белгілер мен байланыстарды бекіту, басқа түсініктер мен байланысын айқындау




1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет