Сабақтың жоспары


Оқу үрдісін ұйымдастыру формаларын жіктеу



бет17/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
Оқу үрдісін ұйымдастыру формаларын жіктеу. Қазіргі педагогика ғылымында оқу үрдісін ұйымдастырудың эмпирикалық, коммуникативті және негізгі оқыту формалары бар.
Оқытудың эмпирикалық (сандық) формасы оқу үрдісін ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке тәсілдерін білдіреді. Олардың негізінде сандық көрсеткіш жатыр. Мысалы, егер оқу барлық сынып оқушыларын қамтыса, онда бұл форма жаппай деп аталады. Егер сынып салыстырмалы түрде жере топтарға) бөлінсе, ондабұл топтық формалар болып табылады.
Оқушылардың оқшауланған жұмысы жағдайында жеке оқыту формалары қолданылады. Бұл жіктеу оқыту тәжірибесіне байланысты, онда әр уақыт кезеңінде оқу сабағында бірдей педагогикалық жағдай байқалады.
Оқытуды ұйымдастырудың коммуникативті формалары оқушылар мен мұғалімнің өзара жанама, жұптағы және топтағы қарым-қатынас тәсілдеріне негізделген. Топта оның қатысушыларының өзара әрекеттесуінің әртүрлі формалары байқалуы мүмкін. Осыған байланысты оқытуды ұйымдастырудың жеке, жанама формасы, жұптық (жеке жұптағы өзара қарым-қатынас), топтық (топтағы қарым-қатынас) және ұжымдық (байланыс ауысымдық жұпта болған кезде топтағы өзара әрекеттесу) ерекшеленеді.
Ұжымдық қарым-қатынас топта жүзеге асырылады, ал жұптар
функционалды және мазмұнды түрде бір-біріне тәуелді болады және олардың
құрамының өзгеруіне байланысты топтың басқа мүшелері өзара қарым-қатынас нәтижелерін пайдаланады.
Оқытуды ұйымдастырудың базалық формалары педагогикалық үрдіске қатысушылардың оқу үрдісіндегі бір-бірімен өзарв байланыстарының толықтығын сипаттайды. Базалық формаларды жалпы деп санауға болады, олар бөлінбейді және әмбебап сипатқа ие. Бұл формалар құрылымы әртүрлі жағдайлардың бір мезгілде болуымен сипатталатын сызықты емес оқу сабақтарының тәжірибесәне байланысты пайда болды.
Оқытуды ұйымдастырудың көрсетілген формалары оқу-тәрбие үүрдісінің бірыңғай көрінісін құрайды. Оқытуды ұйымдастырудың формалардың әрқайсысының рөлі олардың бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың басымдық деңгейіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет