Сабақтың жоспары


Лекция. Мектеп географиясы мазмұнының құрамдас бөліктері



бет5/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері

3 Лекция. Мектеп географиясы мазмұнының құрамдас бөліктері
____________________________________________________________
Сабақтың жоспары
1. Мектеп географиясы мазмұнының негізгі құрамдас бөліктері
2. Географиялық түсініктер, заңдылықтар, ұғымдар және іскерлік
______________________________________________________________


1.Мектеп географиясының мазмұнының құрамдас бөліктері
Дидактиканың ережелеріне сәйкес мектеп географиясының мазмұнының құрамдас бөліктеріне бағдарлама мен оқулықта айқындалған білім, іскерлік, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибелері және әлемге эмоциялық-құндылық тұрғысынан қараутәжірибесі кіреді. Мектеп географиясының мазмұнының құрамдас бөліктеріне білім, іскерлік дағдылар мен дүниетанымдық ойлар кіреді.
Сыртқы дүниенің объективті шындығын сөзбен жеткізу арқылы қабылдап жаңғыртуды білім дейміз. Ол теориялық және эмпирикалық болып екіге бөлінеді. Заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарым–қатынастарының мәні бірізді себеп–салдарлы байланыстарға, түсініктерге негізделіп ашылатын білімді теориялық білім дейміз. Оған басым желдердің, атмосфералық шептердің және жер бедерінің ірі пішіндерінің түзілу заңдылықтары мысал болады.
Ұғымдар мен дәйектерге негізделіп белгілі бір географиялық нысандар мен құбылыстардардың сыртқы сипатын ашып көрсетуді эмпирикалық білім дейміз. Эмпирикалық білімге ұғымдар мен дәйектер жатады. Оған оқушының кинодан, суреттен көргендеріне, кітаптан оқығандарына негізделіп жанартауды көз алдына елестетіп, сипаттама бере алуы мысал болады.
Теориялық білімнің үлесі эмприкалық білімге қарағанда басым болғанда мектеп географиясының ғылымилығы артады. Мектеп географиясының барлық курстарында табиғаттың жекелеген құрамдас бөліктерінің, үрдістер мен құбылыстардың қалыптасу заңдылықтарын, өндіргіш күштердің, сонымен қатар, экономикалық аудандардың дамуы мен олардың орналасу ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін бірізді себеп-салдарлы байланыстарға баса назар аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет