Сабақтың жоспары


Жеке пәндік дидактиканың бір саласы географияны оқыту әдістемесінің зерттейтін нысандары



бет2/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері

Жеке пәндік дидактиканың бір саласы географияны оқыту әдістемесінің зерттейтін нысандары. Географияны оқыту әдістемесінің оқытатын негізгі пәні физикалық және экономикалық география мен оған жақын еншілес ғылым салалары (геология, экономика, демография негіздері) туралы жас ұрпаққа білім беру үрдісі болып табылады. Жеке пәндік дидактиканың бір саласы географияны оқыту әдістемесі жалпы дидактикамен, жас ерекшеліктері психологиясымен, тәрбие теориясымен тығыз байланысы бар.
Қазіргі дидактика білімнің мазмұнын, оқу-тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін теориялық ғылым. Ол білім берудің мазмұнын айқындайтын оқытудың жалпы үлгісін жасайды.
Бірақ дидактиканың жеке пәнді оқыту үрдісінде оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктері қарастырылмайды. Әр бір пәннің өзіне тән жеке тұлға ретіндегі оқушыға әсер ету, оқу әрекетін ұйымдастыру, оқыту әдістері мен құралдарының пайдалану ерекшеліктері болады.
Географияны оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне өлкетанулық (жергілікті жерге бағдарлап оқыту) қағидаларын кеңінен пайдалану, мазмұнның экологияға және тәжірибеге бағдарлануы, жергілікті жерде жұмыстар, бақылаулар мен экскурсиялар ұйымдастырылуы, географиялық карталармен қатар алуан түрлі оқыту құралдарын қолдануын жатқызуға болады.
Гографияны оқыту әдістемесінің пәні- маңызды педагогикалық құрал болып табылатын мектеп оқулығының мазмұны мен құрылымы, сонымен қатар,мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасының барысында білім алушыларға географиялық білімнің мазмұнын меңгертуді көздейді.


Географияны оқыту әдістемесі география пәнін не үшін оқытады? Мектеп оқулығының мазмұны қандай болу керек? Қарастырылатын пәнді оқытуды қандай әдістер мен құралдардың, ұйымдастыру нысандарының көмегімен жүзеге асыру қажет? Басқаша айтқанда оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды, географияның көмегімен жеке тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру үшін география пәнін қандай мақсатпен, ненің көмегімен және қалай оқытады деген сұрақтарға жауап береді.
Оқытудың мақсаты, мазмұны, оқыту құралдары, оқыту әдістері мен ұйымдастыру нысандары бір-бірімен тығыз байланысты болатындықтан пәннің тұтастығын түзеді (1-сурет).

1-сурет. Географияны оқыту әдістемесінің тұтастығын қамтамасыз ететін құрамдас бөліктері
Ғылым ретінде географияны оқыту әдістемесінің теориялық және қолданбалы жақтары бар. Ол қарастыратын негізгі әдіснамалық және теориялық түйінді мәселелер мен ғылыми-зерттеу әдістері, пәнді оқытудың мақсаты, мектеп географиясы мазмұнын іріктеу қағидалары, құрылымын анықтау, географияны оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері жатады.
Орта білім беруді дамытудың қазіргі жаңа кезеңінде әдістеме ғылымының міндеттері өзгеріп күрделенуде. Қазіргі білім беруді ақпараттандыру кезеңінде пәнді оқыту өзіндік ойы бар, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталатындықтан оқыту әдістемесі географияны оқыту мақсатына түзетулер мен толықтырулар енгізуге жіті назар аударады. Сондықтан географияны оқыту әдістемесі пәнді жеке тұлғаға бағдарлау, бағыттау мәселесін шешуді көздейді.
Рубеждік бақылау және емтихан сұрақтары:

1

№ 2 Лекция. Білім мазмұны жаңартылған мектеп географиясының оқу бағдарламасының спиралдық жүйемен құрылу ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет