Әдістемелік бірлестік Келісілген: Бекітемін:
отырысында қаралды: директордың оқу ісі жөніндегі «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
хаттама № 1 орынбасары__________ директоры м.а. _________
« 01 » 09 2020 ж. Сакалова Г.К. Кадирова А.Ч.
_______Елеусізова А.З. « 02 » 09 2020ж. . « 03 » 09 2020ж
Сабақтың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
2020 – 2021 оқу жылы
Сынып: «5 Е »
Мұғалім: Калибаеа Салтанат Мухаметхановна
Пәні: математикалық логика
Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағат.
Күнтізбелік жоспар төмендегі құжаттарға негізделіп құрастырылған:
5- 9 сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28
тамыздағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 372 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28
тамыздағы «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015
жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 374 бұйрығы.
2020-2021 Оқу жылында Қазақстан Республикасы Орта білім беру ұйымдарында
оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат. /2020 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы/
Оқулық: ______________________________________________
(аты, автор, мекеме, шыққан жылы)
Түсінік хат
«Математикалық логика» сабағының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің, гимназия, лицейлердің 5 - сыныптарына арналған. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнді меңгеру деңгейлері, пәнге деген қызығушылықтары, ескеріліп дайындалды. Оқушылар теориялық материалды нақты әрі тура тұжырымдауға, қиындығы жоғары есептерді шығаруда математикалық тұжырымдарды және формулаларды пайдалана білуге дағдыланады. Оқушылар жаңа теорияның қажеттілігіне, оның өмірде қай салаларда қолданылып келе жатқанына көздерін жеткізеді. Математика ғылымына деген оқушылардың бойында құрмет пен қызығушылық оянады. Математиканы оқытудың мақсаты – оқушыларды қызығушылықтарын математиканың маңызды салаларын оқып үйрену үшін, сондай-ақ сол салалардағы процестер мен құбылыстарды сипаттау және модельдеу үшін математикалық әдістер мен олардың қолдану ерекшеліктерін зерделеу үшін қажетті жағдай жасау.
Мақсаты:
оқушының теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу;
ғылым мен техникада алар орны мен қажеттілігін түсіндіру;
оқушылардың жалпы дайындық деңгейлерін жоғарлату, білім алу дайындығын жалғастыру, шығармашылық және практикалық мүмкіндіктерін ашу, дамыту болып табылады;
оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, әр түрлі есептерді шешу жолдарын көрсету;
оқушылардың математика пәніне қызығушылық арттырып, олимпиада есептеріне дайындау.
Міндеттері:
математикадан алған білімін дамыта оқыту;
математикалық тұжырымдардың, формулалардың мәнін, шығу тегін түсіндіру;
есеп шығару арқылы меңгерген білімдерін тереңдету;
оқушылар материалды толық түсінуі және оған есептер шығара алуы қажет;
оқушы жеңілден ауырға және оңайдан күрделіге көшу бағытымен міндетті күрделілеу есептерді шығара алуы тиіс;
олимпиада есептерін шығаруға дағдыландыру;
сапалы білім алу үшін «өзін-өзі» тексеру әдістерін қолдана алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |