Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Мақсаты. Тәуке ханның хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін, “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы білу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын оқу құралдарын түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Сынып 3-топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
Альтернативті тест пайдаланамын. 17 ғ Жоңғар мемлекетін Батыр қонтайшы басқарды. иә
1628-1650 ж қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір хан отырды. Жоқ 1652
Орбұлақ жеріндегі Жәңгірдің сарбаздары Жоңғардың 40 мың әскеріне қарсы тұрды. Жоқ 50
Жоңғарлар 1680 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның бірнеше ұлыстарын талқандады. иә
Тәуке Есім ханның баласы. Жоқ Жәңгір
Тәуке хан тағына 1680-1715 жылы отырды. иә
Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі батырлардың көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Жоқ билердің
Билер кеңесі Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңында Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. иә
Жәңгір ханды қазақ халқы Салқам деп атаған. иә
Батыр қонтайшы тұсында қазақ жерінде 1635,1643,1652 жылдары төрт рет қанды шайқас болды. Жоқ үш
ІІ. Жаңа сабақ.Жаңа сабақтың жоспары: 3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. «Жеті жарғы»
5. Ұлы билер.
Жаңа сабақ. 3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы.
Елдің ішкі жағдайы өте шиеленісіп тұрды.Үстем тап өкілдері арасында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түсті. Қазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, іс жүзінде олар Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды. Сұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы жағдайы. Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты
1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді
1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.
Ресей болса қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас еткісі келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.
1-топ. 3- топ. Домино
Тәуке хан
Есім ханның немересі.
Тәуке хан 1680-1715/1718 жылдары
билік құрды.
Тәуке ханның басты мақсаты
Бір орталыққа бағынған қутты Қазақ хандығын құру.
«Жеті жарғы» қарастырған 4 мәселе
Бір халық пен басқа ру арасындағы дау
1694 жылы Тәуке хан
І Петрға елшілікке Аталықов жіберді.
Тәуке ханның заңдар жинағы
«Жеті жарғы».
«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
«Жеті жарғы» бойынша хан
Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы.
Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты
Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату.
1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде
Сайрам қаласы қираған .
2 топ “Венн диограммасы Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Қасым ханның қасқа жолы.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)
1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.
5. Ұлы билер Постер XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды. Төле би- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.
Қазыбек би- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат. Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.
Әйтеке би (Айтық)- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.
Рефлексия. «Жуан, жіңішке сұрақтар» 1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі? 1680-1715-18
2. Тәуке хан кімнің баласы? Жәңгір
3. Орбұлақ шайқасы туралы не білдік? Жалаңтөс батыр 20 мың әскер Самарқан қаласы
4.Тәуке хан билік еткен кездегі Қазақ хандығының астанасы? Түркістан
5. «Жеті жарғы» деген не?
6. Тәуке хан мемлекет басқаруда негізінен кімерге арқа сүйеді?
7. Ұлы билердің қазақ қоғамындағы рөлін қалай түсінесіңдер
Қорытынды
Бағалау.
Үйге тапсырма. 42-43 параграф мазмұндау. Жеті жарғы заңын жаттау.