Типі: Жаңа тақырып
Көрнекілігі: Сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
Үй тапсырмасын тексеру
1).Үй есебінің орындалуын тексеру
2). Бақылау сұрақтары:
Қандай жазықтық сфераға жанама жазықтық деп аталады?
Жанама жазықтықтың сферамен неше ортақ нүктесі болады?
Қандай түзу сфераға жанама деп аталады?
Жаңа тақырып
Шардың жазықтықпен қиып түсірген бөлігін шар сегменті деп атайды.
Шар сегменті:
Сегменттік бет деп аталатын сфераның бөлігімен;
Шар сегментінің табаны деп аталатын дөңгелекпен шектелген
Сферані жазықтықпен қиып түсірілген бөлігін сфералық сегмент, ал сфера мен жазықтықтың қиылысу шеңберін сфералық сегменттің табаны деп атайды.
Шар сегментінің және сфералық сегменттің биіктігі деп сегменттің табаныныа перпендикуляр радиустың шар сегментіне тиісті кесіндісін атайды.
Шар белдігі (қабаты) деп оның параллель екі қимасының арасындағы сфера бөлігін атайды.
Шар қабатының биіктігі деп бір табанының нүктесінен екінші табанының жазықтығына түсірілген перпендикулярды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |