Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8-наурыз - Гүл мереке,Күн мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
«Ана - өмір шуағы»
Қыздар мерекесі
І бөлім «Ана - өмір шуағы» Ортаға жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді 8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Біздің сынып оқушылары ардақты әжелерге, аяулы аналарға арнаған мерекелік шарамыздың « Ана - өмір шуағы» атты бөлімін бастайық.
1-жүргізуші. Ананың көзінен төгілген нұр жан – жағына шуағын
шашады.
- Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?