Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Худашева Галия Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: оқушылардың мақал-мәтелдер олардың ғибраттық мәні туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
ә)Тәрбиелілік: оқушыларды сөз құдіретін тани білуге, тіл мәдениетін сақтауға, ана тілін ардақтап, бағалай білуге, адамгершілікке, ізгілікке баулу. б)дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту, психологиялық тренинг, салыстыру, тірек сызба, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интер-тақта, слайдттар, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:1.Оқушылармен сәлемдесу. . 2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. . 3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
II.Үй жұмысын тексеру.
Үйге 123-жаттығу, «Суретіне қарап сөзін тап» өзіндік жұмысы берілген. Онда 1- топқа: құлақ, көз, алақан; 2-топқа: қол, қабақ, бас. 3-топқа: ауыз, бет, жүрек; 4-топқа: мұрын, тіс, кірпік суреттері берілген.
III.Үй жұмысын бекіту: 4 топқа 4 түрлі сұрақ беріледі, тұрақты тіркесін табу. 1.Біреудің кемшілігін бетіне айтып, қатты сынау. 2.Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адам. 3.Қатты ұялғандық сезімі жөнінде. 4.Бірдемені амалсыздан істеу.
IV.Жаңа сабақ: Мақал-мәтелдер
Психологиялық тренинг: Тақтада әр түрлі суреттер көрсетіледі. Сол суреттерге қарап оқушылар қандай сөздер жасырылғанын табады. Жасырылған сөздер: 1.Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 2.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. 3.Білім-теңіз, мектеп –кеме. 4.Тіл қылыштан өткір.
Ал,балалар суреттерден оқығанымыздай бүгінгі сабағымыз не туралы екен?
Жауап: ...
Қызығушылығын ояту: Олай болса балалар мақал –мәтелдер туралы бұрыннан не білеміз тақтаға жаза қойыңдар.
Мақал-мәтелдер
Топпен жұмыс. 1-топ.
1.Көне жазба ескерткіштер тілінде кездесетін мақал-мәтелдердің қазіргі күндегі нұсқасын жаз.
Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі. (М.Қашқари)
------------------------------------------------
2.Достық, ерлік, тіл туралы мақал-мәтелдер жазың.
3.Берілген мақал- мәтелдердің жалғасын тап.
1.Ана алдында-құрмет,(...) 2.Ұлы бардың,(...) 3.Дос жылатып айтады,(...) 4.Отан үшін еңбек етсең,(...)
2-топ.
1.Көне жазба ескерткіштер тілінде кездесетін мақал-мәтелдердің қазіргі күндегі нұсқасын жаз.
Қыз анадан көрмейінше,өнеге аалмас.Ұл атадан көрмейінше,сапар шекпес. («Қорқыт ата» кітабынан ) -----------------------------------
2.Еңбек,өнер-білім,адамгершілік туралы мақал-мәтелдер жазың.
Еңбек
|
|
Өнер-білім
|
|
Адамгершілік
|
|
3.Берілген мақал- мәтелдердің жалғасын тап.
1.Ананың көңілі балада ,(...) 2.Атадан жаман ұл туса,елінің малын жейді.(...) 3.Қолыңмен істегенді(...) 4.Батыр туса –ел ырысы,(...)
3-топ.
1.Көне жазба ескерткіштер тілінде кездесетін мақал-мәтелдердің қазіргі күндегі нұсқасын жаз.
Ажал келмей кісі өлмес. («Қорқыт ата» кітабынан ) -------------------------------------------
2.Төрт түлік мал,ата-ана,денсаулық туралы мақал-мәтелдер жазың.
Төрт түлік мал
|
|
Ата-ана
|
|
Денсаулық
|
|
3.Берілген мақал- мәтелдердің жалғасын тап.
1.Отан қуат,(...) 2.Жаңбырменен жер көгерер, (...) 3.Көппен көрген(...) 4.Досы көпті жау алмайды, (...)
4-топ.
1.Көне жазба ескерткіштер тілінде кездесетін мақал-мәтелдердің қазіргі күндегі нұсқасын жаз.
Кеңесті іс келісе береді,
Кеңессіз іс кері кетеді. (М.Қашқари)
----------------------------------------------------------------
2.Туған жер, Отан, бала туралы мақал-мәтелдер жазың.
3. мақал- мәтелдердің жалғасын тап.
1.Білетінім бір тоғыз, (...) 2.Білегі күшті бірді жығады, (...) 3.Ауырып ем іздегенше, (...) 4.Арпа- бидай ас екен, (...)
Оқулықпен жұмыс: 4топқа 4 жаттығу беріледі.
126-127-129-130-жаттығулар. Әр топтан бір оқушы жауап береді.
V.Жаңа сабақты бекіту:
Оқушыларға парақшалар таратылады,өздерінің түсінігін жазып,бір оқушы постер қорғайды.
Мақал Ортақ Мәтел
Қызықты сұрақтар:
1.Ақын-жазушылар айтқан қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? 2.Елбасымыздың мақалға айналып кеткен қандай сөздерін білесіңдер? 3.Қазіргі күнде әзіл-қалжыңға құрылған мақал-мәтелдер білесіңдер ме? 4.Қар жана ма? 5.Ердің туы не,қанаты не?
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма беру.
1.Мақал-мәтелдер жаттау. 2.131-132-жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: |