Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері»



Дата26.08.2017
өлшемі126,56 Kb.
түріСабақ
Дүниетану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өкпе. Тыныс алу гигиенасы.

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелері-мұрын қуысы, кеңірдек,кеңірдекше, өкпе туралы танысады. Өкпенің қызметі жайлы мағлұмат алады. Тыныс алудың гигиеналық тәртібін қарастырады..

Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері» кестесі. Өкпенің макеті. Интерактивті тақта,электронды оқулық.

Қолданылған әдіс тәсілдер: АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Стратегиялық іс әрекет: Ассосация жасау, Миға шабуыл, Бірлескен оқу.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

I. Психологиялық дайындық. «Кім көп біледі» ойыны.


  • Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы шағын топтарға бөлемін . Топ басшысы сайланады.

  • Топтың басшылары өз тобында белсенділік танытқан оқушыларды парағын толтыра отырып бағалайды, қорытындысын айтады. Бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасы

Оқушыларға үй тапсырмасын пысықтау мақсатында экраннан қан тамырлар суретін көрсете отырып, әр топ олардың қызметін атайды топтастыру жүргізеді.



I I .Мағынаны тану

I . .Ассоциация әдісі. Өкпенің макетін көрсетіп өз ойларын жазу

Миға шабуыл .Электронды оқулықтан видеоролик көрсетіледі

Интерактивті тақта.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында электронды оқулықтан видеоролик корсетеді. Оқушылар видеороликті көре отырып, бүгінгі сабақ туралы ой толғайды.

Жаңа сабақ.

1). Әр топқа оқулықтағы мәтіннің әр бөлімін бөліп беріп,оқуға уақыт береді.

2). Топтық талқылауға уақыт береді. Бірлескен оқу жүреді. Барлық оқушылар оқуға тартылады.

Бағдаршамның көзі арқылы мәтінді түсінгендеріңді анықтайық.

Қызыл түс - түсіндім

Сары түс - жартылай түсіндім.

Жасыл түс - мүлде түсінбедім

1-топ. Өкпе және оның құрылысы

2-топ. Тыныс алу гигиенасы

3-топ. Кім қалай тыныс алады?

Оқушылар видеороликті көре отырып, жаңа тақырып туралы ойларын толықтырады.

Сергіту сәті.

Кел билейік. Жұмыр қылыш. Интербелсенді тақтадан видеоролик арқылы оқушыларды билетіп, көңіл- күйлерін көтеру.



III. Ой толғаныс

Әр топқа тапсырма беріледі. Жауаптарын электронды оқулық арқылы тексереміз.



  1. Тыныс алу кезіндегі ауа жолдарын цифрлармен көрсет.


Кеңірдек

Өкпе




Қолқа

Мұрын қуысы


  1. Тыныс шығару кезіндегі ауа жолдарын цифрлармен көрсет


Өкпе

Мұрын қуысы



Кеңірдек

Қолқа



  1. Суреттегі тыныс алуға зиянды әсері бар затты ата.


Кері байланыс парағын таратамын. Бүгініг сабақ қалай өткендігі туралы өз пікірлерін жазады.

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?.



Үйге тапсырма

- Тыныс алу жолдарын қорғау үшін күнделікті өмірде қолданылатын жаттығу түрлерін қарастыр.



- Тұмау кең таралған кезде дүкен, емхана және басқа мекеме қызметкерлері неліктен аузы-мұрнына дәке байлап алады?

Бағалау. Бағалау парақшаларын жинап, соның негізінде жиынтық баға шығарылады.

ШҚО.Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Тураханова Гулғайша
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет