Жетім
Атырау облысы, Атырау қаласы М.Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы
Сабақтың мақсаттары: 1.Оқиғаны елестетіп ,жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігі дамиды.Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты салыстыра отырып, мейірімділікке , әлсізді қорғауға үйренеді;
2. Қасындағы оқушылардың пікірін таңдауға , сол пікірді салыстыруға үйренеді;
3. Өз пікірлерін еркін айтуға , өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, басқыш сұлбасы, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдісі:Баяндау,салыстыру,проблема жауабын іздеу.
Сабақта қолданылатын технология: Проблемалық оқыту технологиясы .
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлеметсіздірме, оқушылар. -Сәлеметсіз бе. –Бүгінгі біздің сабағымыз 8 басқыштан тұрады.
І.басқыш. Жауап іздеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап,бағалау. –Балалар, біз өткен сабақта Әліби Жангелдиннің «Амангелді Иманов туралы естелік»мәтінімен танысқан болатынбыз.Қане, барлығымыз еске түсірейік .
40 10 70 70 50 30 10 60 10
1.Ортадағы 60-Мәтінге сүйеніп, Амангелдіге мінездеме бер2.Сол жақтағы 40-Мәтіннен Амангелдінің Ә.Жангелдинге жазған хатын тауып оқы. 3.Оң жақтағы 70- Әліби Жангелдин туралы не білесің. 4.Оң жақтағы 30- «Болаттай берік,алмастай өткір», «батыр келбетті кесек тұлға» деген жолдар кімнің бейнесін береді? 5.Оң жақтағы 10-Шығарма кімнің атынан баяндалады? 6.Ортадағы 10-Амангелді Иманов туралы не білесің? 7.Ортадағы 50-Амангелдіге тағы қандай қасиеттер тән еді? 8.Сол жақтағы 70-Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.
9. Сол жақтағы 10-Құралайды көзге ататын-сөзінің мағынасын түсіңдір. Басқышты қорыту→оқушының жауабы. ІІ.басқыш.Баяндау →табу. –Балалар , біз Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен , Әліби Жангелдиннің «Амангелді Иманов туралы естелігімен» таныстық.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
|
Оқушылардың іс-әркеті:
|
Мұғалім М. Әуезовтың өмірбаянымен таныстырады.
|
Оқушылар мұқият тыңдап, М. Әуезовтың өмірбаянын еске түсіреді.
|
«Жетім» деген әңгімемен танысамыз. Ол мәтінде не туралы жазылуы мүмкін?
|
Оқушылар өз ойын қағаз бетіне түсіреді, жұбымен пікір бөліседі.
|
«Жетім мәтінінің» 1 бөлімін мұғалім оқиды.
|
Оқушылар түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.
|
Сұрақтар дайындап әкеп,оқушыларды ой желісіне бағыттайды.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Осы мәтінді жазушының қалай аяқтағанын қалар едіңдер?
|
Оқушылар жазушыға өзінің ұсыныстарын оқиды немесе жәшікшеге салады.
|
Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Қазақтың ұлы жазушысы ,әдебиет зерттеушісі, драматургі және қоғам қайраткері. Абайтану ғылымының негізін сала отырып , қазақ әдебиеті тарихына шексіз қызмет етті. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арнаған «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б. шығармалары бар.
Мәтінмен жұмыс.
1.Әңгімені «Жалғыз жаяу», «Қасымның қаралы күйге түсуі», «Қасымның тауға жөнелуі», «Тау ішіндегі қорқыныш» бөлімдеріне бөліп оқу. 2.Сөздік жұмысы. Қиянат-әділетсіздік,зорлық, өктемдік. Қаға беріс – шеттеу , бұрылыс, тасалау жер . 3.Әңгіменің мазмұнын айтқызу. Басқышты қорыту →оқушының жауабы.
ІІІ.басқыш.Жүйелеу. Сергіту сәті. Шығармашылық ойлауды дамытуға арналғын жаттығу. Біздің отбасымызда атам әжемнен кейін оянады,әжем мысықтан кейін оянады,ал мен атамнан кейін оянамын.Кім ерте,кім кеш тұрады? Жауабы:1-мысық, 2-әжем, 3-атам, 4-мен. Ой қозғау. Мәтіндегі басты кейіпкерді атау; Қасымның әжесінен айырылған жерін мәтіннен тауып оқы; Жөнеліп кетті,зарлау,үрку,дедекте,қауіптену, т.б. ұғымдарды,сөздерді басқа қандай сөздермен ауыстыруға болады? Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталған? Басқышты қорыту→оқушының жауабы.
ІV.басқыш.Ұсыныс→талдау. Мұхтар Әуезов шығармалары. 2 сынып. «Бала Абай», Әбілмансұр», «Көксерек». 3сынып. «Боран», «Әке арманы», «Кешкі дөң басында». 4 сынып. «Жетім» , «Бүлдірген тере барғанда» Басқышты қорыту→оқушының жауабы.
V .басқыш Меңгеру. Жетім көрсең,жебей жүр.
Жақсы болсаң , жақын көп. Мақаланың мағынасн ашу. Басқышты қорыту →оқушының жауабы.
VІ.басқыш. Салыстыру →жағдай жасау
«Қасымның тауға жөнелуі» және «Тау ішіндегі қорқыныш» бөлімдерін салыстыру. Басқышты қорыту→оқушының жауабы.
VІІ.басқыш. Дамыту→іздену
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында : Отбасындағы адамдардың сыйластығы жайлы айтқызу; Мейірімділік туралы мақал-мәтелдер айтқызу. «Венн» көрсетуін толтыру. Басқышты қорыту→оқушының жауабы.
VІІІ.басқыш. Проблемалық сұраққа жауап.
Жәшікке салынған оқушылардың ұсыныстары оқылады. Үйге тапсырма: «Жетім» әңгімесін оқып,мазмұндау. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |