Оқушылардың алған білімдерін арттыру, кіріс жіне шығыс файлдарын құру жолдарын үйренуде практикалық білімдерін тексеру;
Ә) ақпараттық:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар беру арқылы, файылдармен жұмыс жасауда алған білімдерін практикада қолдана білуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Б) коммуникативтік:
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың сұратарға толық жауап беру, топтасып, жұптасып тапсырмаларды орындауда тіл табысу дағдыларын жетілдіру;
Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
Файл дегеніміз –мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).
File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.
Тікелей қатынау файлдары:
Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады;
Кезекпен қатынау файлдары:
Ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді;
Жаңа файлды сақтау үшін мынандай командалар орындалады -
FILE – SAVE
Полиглот
Мына кестедегі бос орындарды толықтырындар.
қазақша
орысша
ағылшынша
файл
процедура
function
ввод
output
Цифрлық диктанттың жауабы дұрыс тұжырымдаған болсаңыз
(11110110000), екілік санды ондық санау жүйесіне айналдырғанда Pascal тілінің қай жылы шыққанын біле аласың. Екілік санды ондық санға айналдыру үшін Программистік калькуляторды пайдаланайық. Бастау – Бағдарламалар – Стандартты — Калькулятор – Программист командасын орындаңыз. Мұнда Bin (екілік жүйе) белгісін таңдап, санды енгіземіз де, Dec (ондық жүйе) белгішесін басамыз
Жаңа біліктер мен дағдыларды бекіту
Тест тапсырмасы
Ал қазір бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді аңғару үшін 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындап көрелік.
Тақырып бойынша түсінгенің айту және соңымен қоса тақырып барысында болған аңықтамаларды жатқа айту.
Тақырып соңындағы (50 – 52 беттер) тест тапсырмасын орындап келу.