Жүсіпбек ЕлебековҚарағанды облысыЕгіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.