Сабақ типі: А. Жұбанов шығармаларын меңгеру. Сабақ түрі: Музыкалық сабақ. Көрнекілік



Дата31.12.2019
өлшемі45 Kb.
#54152
түріСабақ
6 «а» класы Музыка

Тақырыбы: Ахмет Жұбанов

Мақсаты: Ахмет Жұбановтың өмірімен, оның музыкалық шығармалары және музыкатану ғылымында баға жетпес еңбектеріне мағұлмат беру.

Тәрбиелік мәні: А.Жұбанов шығармаларын тыңдату арқылы өз халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: түсіндіру арқылы.

Сабақ типі: А.Жұбанов шығармаларын меңгеру.

Сабақ түрі: Музыкалық сабақ.

Көрнекілік: музыкалық орталық, домбыра, слайд, музыкалық терминдер, музыкалық түймедақ, музыка сабағы 2-4-6 класс.

Сабақ барысы

I – Ұйымдастыру кезеңі

II- Ән «Мектебім», «Түркістан»

III – Үй тапсырмасы: Қазақтың халық аспаптар оркестрі.

IV- Музыка сауаты: Музыкалық терминдер (1917, 1919, 1920, 1925, 1934. 1939, 1930,1944)

V Музыка тыңдау: Оқушылар жаңа өзіміз орындаған халық күйлерін, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей сынды халық күйшілерінің күйлерін ел арасынан жинақтап,нотаға түсіретін адамдарды музыка зерттеушілері деп атайды. Сондай музыка зерттеушілерінің бірі Ахмет Жұбанов болған.

Бүгінгі жаңа сабағымызда Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы танысамыз



VIЖаңа сабақ: Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз Ахмет Қуанұлы Жұбанов. Академик, дирижер, ұстаз, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби компазиторы, музыка зерттеушісі А.Жұбанов 1906 жылы 29 сәуір айында Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әкесі Қуан атақты адам болған, анасы би-би Шынар қайратты, ақылды адам болған. Ол 93 жасында қайтыс болды. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады. Ахмет 1918 жылы 1 жылдық училищені бітіріп, Темір қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Ахмет өз бетімен музыкалық әліппені үйренеді. Ақтөбе қаласына Вашавадан келген скрипач Чернякпен танысады. Черняк Ахметке музыкамен айналысуға кеңес береді. 1929 жылы Ахмет ағасы Құдайбергенмен Ленинград қаласына оқуға келеді. Құдайберген Жұбанов Ы.Алтынсариннің ізбасары, тюрколог, пингвист, қазақ тілінің зерттеушісі, кейінгі жылдары «халық жауы» деп өлтірген. 1928 жылы Глинка атындағы музыкалық техникумға оқуға түседі, скрипка, гобой аспаптарында ойнауды үйренеді. Сол жылдары Россияда «Андрьев» атындағы орыс халық оркестрі құрылады. Кейін Ахмет консерваторияға оқуға түседі. (теория музыка бөліміне) Сол кезде консерваторияға өте білімді ұстаздар сабақ береді. Грубер, Асафский, Кулинарев, Тюмин. А.Жұбанов А.Затаевичпен танысады, Затаевичтің кеңесімен жазғы уақытта, қазақтың әндерін фонограммаға жазып, нотаға түсіреді. Сол жылы Жұбановты үкімет Алматыға жұмысқа шақыртып алады. Қазақтың музыка мәдениетіне көп күш салады.

Ахмет Жұбановтың еңбек жолы  1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.

  Шығармалары: Қобыз аспабына «Ария», «Вальс», «Күй - Жез киік»

Оркестрлік шығармалары: поэма «Абай», «Фантазия», «Тәжік биі», «Қазақ маршы».

Ән-хор романстары: «Ақшолпан», «Партия туралы ән», «»Алтау, «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Бейбітшілік» т.б

А.Жұбанов, Л.Хамиди бірігіп 2 опера жазды.



1. Абай (1944),

2. Төлеген Тоқтаров(1947). Кинофильмге және спектакльге музыка шығарды. «Амангелді», спектакль, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Cара» пьеса

Жұбановтың еңбектері: Ғасырлар пернесі, Құрманғазы, Замана бұлбұлдары, Дәулеткерей.

А.Жұбанов 1968 жылы қайтыс болды.



VIIМузыка тыңдау 1.Адай, 2. Балбырауын, 3. Көңіл толқыны

VIII – «Музыкалық түймедақ» Жапырақшаларына сұрақтар жазылған түймедақ. (Жапырақшалардағы тапсырмалар)

IX – Өзіңді ғана емес, өзгені де тани біл.

X - «Менің әсерлерім» айдары. Мысалы сендер Ақтөбеге келдіңдер және Ахмет Жұбановтың мұражайын табу қажет делік, бірақ сендер сазгердің есімін ұмытып қалдыңдар. Қала тұрғындарына өтініш білдіре отырып, оларға сазгердің шығармаларын, өмірбаянының ең қызықтытылырын әңгімелеуге тырысыңдар.

XIҚорытынды: Топтастыру стратегиясы.

Ұстаз- академик

Өнертану ғылымының докторы –Ахмет- профессор

Алғашқы кәсіби композитор-музыка зерттеушісі



XII- оқушыларды бағалау

ХІІІ- Үйге: А.Жұбанов шығармаларын оқуға, реферат жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет