Сабақтың мақсаты : білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем мен оның түрлері туралы алған білімдерін бекіту



Дата27.12.2016
өлшемі47,2 Kb.
#5486
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптар

Құрмалас сөйлем қайталау


Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем мен

оның түрлері туралы алған білімдерін бекіту.



дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

тәрбиелік: қазақ халқының музыкалық аспабына

оқушылардың қызғушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру,

құрметтеу.


Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, түсіндіру,

жеке топтағы және ұжымдық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, кесте, топшамалар, суреттер, тест.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу;

ә) кезекшінің қызметін және топтың дайындығын тексеру;

б) сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Өз біліміңді тексер.



  1. Қандай белгілі күйші, композиторларды білесіңдер?

  2. Күйшілер қандай аспапта ойнайды?

  3. Музыканы зерттеген кімдер?

  4. Музыкалық фольклор қай ғасырда зерттеле бастады?

  5. Д. Нұрпейісованың шәкірті кім болған?

  6. Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

Кейін құрмалас сөйлем туралы ережесін еске түсіріп кету, түрлерін айтып әңгімелеп кету.

Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Оның түрлері: салалас, сабақтас, аралас.



Құрмалас сөйлем





Салалас


Сабақтас


Аралас


Кейін тақтаға сөйлемдер көрсетіледі, сол сөйлемдердің ішінен құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап, белгілеу.

  1. Ежелгі қалалар көп болған, бірақ сақталған қалалар аз.

  2. Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

  3. Ол ретін тауып, бастықпен сөйлесіп еді, жоспарларын бекітпей қойды.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Мәтін: «Ғасырлар сазы» туралы. Кіріспе сөз (мұғалім).

Музыка аспаптарының мұрайжалары көптеген елдерде бар. Қазақ музыка аспаптары мұражайында өлі экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған. Музыкалық аспаптардың ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, сазген,жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі аспаптарға сыбызғы, керней,сазсырнай, уілдек, қамыссырнай, үскірік жатқызылады. Ал дабылды-шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ, асатаяқ,қоңырау, дауылпаз және тұяқтас жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай, сырнай жатқызылады.

Балалар, енді мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысайық. Сурет бойынша сөздерді оқимын.



Жаңа сөздер: үн, көзбе-көз, үрмелі аспап, ішекті аспап, сарнамалы аспап.

Сол жаңа сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құру ауызша. (Әр оқушы кезекпен-кезек құрастырады).

Мәтінмен жұмыс: «Ғасырлар сазы» мәтінін алдымен өзім оқып шығамын, кейін оқушылар кезекпен-кезек оқиды, ауызша мазмұнын әңгімелейді (1 оқушы жақсылап әңгімелеп береді).

Мәтін бойынша сұрақтар құру ауызша. Оқушылар мәтінге қарап өз сұрақтарын құрады.



Сұрақтар:

  1. Ертедегі музыкалық аспаптар қайда сақталған?

  2. Музыкалық аспаптар ойналу сипатына, дыбысына қарай неше топқа бөлінеді?

  3. Музыкалық аспаптардың қандай түрлері бар?

Балалар сол сұрақтар бойынша ауызша жауап береді.

Енді балалар, сіздерге деңгейлік тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды оқушылар жазбаша дәптерге орындайды. (жеке-жеке).



Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей, «Музыкалық аспаптар» туралы не білесің?

(қысқаша эссе жазу)



2-деңгей, сөз тіркестерді дұрыс құру?

  1. музыкалық өнер

  2. кәсіби сазы

  3. маңызды орын

  4. ғасырлар аспап


3-деңгей, сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

1. Дамыған музыкалық өнері жақсы қазақтың.

2. ішекті музыкалық аспабы ең кең тараған домбыра.

3. Бірнеше бар түрлері ұлттық аспаптардың.


4-деңгей, сөйлемнің түрін ажырат.

  1. Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық емес.

  2. Дүкенге не Айгүл барады, не мен барамын.

5-деңгей.

2-тапсырма, 67бет. Мәтінді оқып, сұрақтар құру.

« Шаңқобыз» мәтіні.



6- деңгей

1-оқушыға.

  1. Мына сөйлемді аяқта.

Мен бүгін не қалаға кетемін, не...

2-оқушыға.

  1. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар.

Мен, музыкалық үйірмеге,қатысамын, үйрену, үшін, домбыраны.

7-деңгей. Сөйлемнің түрін ажырату.

  1. Айман барғанға дейін, той аяқталып қойды.

  2. Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр.

8- деңгей

1-оқушыға.



  1. «Ұлттық аспап» - сөзін септеу.

2-оқушыға.

1. Музыкалық аспаптарының мұражайы әлі (не открывается).

2. Суретші ұлттық аспаптарды (начал рисовать).

3-оқушыға.

6. Арман сабақты (не слушал).

7. Біздің үйдің қасынан үлкен музыкалық мұражай (собирается открываться).



7-деңгей.

1. «Қобыз» - сөзіне фонетикалық талдау жасау.



Қорытынды:

Тест жұмысы.

Бүгінгі сабаққа байланысты тест сұрақтарын балалар тақта арқылы көрсетіп, дұрыс жауаптарын тапқызып, сабақты қорытындылау.



Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 67 бет.

Мәтінді әңгімелеу.



Жаңа сөздерді жаттау.
Бағалау:

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет