Сабақтың тақырыбы: Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар.
Сабақтың мақсаты:
1: 3 деген баға алу үшін тақырыпта берілген анықтамаларды жатқа айту, түсіндіру.
2: 4 деген баға алу үшін тақырып бойынша берілген анықтамаларды, формулаларды жатқа айту түсііндіру.
3: 5 деген баға алу үшін тақырыптағы анықтамаларды, формулаларды жатқа айту, анықтама мен формулаларды есеп шығаруда қолдана білу.
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Сайыс, топтық, ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: слайдттар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: физика (туынды: жол, уақыт, жылдамдық, үдеу),
геометрия.
Жоғары ретті туындыны табуды, есептеуді үйренеді, туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсінеді. Жанаманың теңдеуін жазуды меңгереді.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.Топтарға бөлу «Қызығушылығын ояту» сатысы.............................................................................................................. (8 мин)
(топтардың аты жазылған карточкалар таратылады, сол карточка бойынша топқа бөлінеді).
2. І кезең.Үй тапсырмасын тексеру.Тест – тиімді тәсіл. ........................... ..(5 мин) (1 – ші ретті туындылар. Тест 6 – сұрақтан).
3.ІI кезең. «Ой қозғау» сатысы: Топтық жұмыс...........................................(25 мин)
Лекция бойынша жұмыс.(топтарға лекциялар таратылады, лекцияның соңында тапсырмалар болады: анықтамаларды, формулаларды түсіндіру - түсіну, есептерде қолдана білу)
4. IІI кезең. Кім жүйрік? .................................................................................(25 мин)
(Деңгейлік тапсырмалар – 3 деңгейлі тапсырмалар).
5. Қорытындылау. Бағалау...............................................................................(5 мин)
6. Үйге тапсырма беру.....................................................................................(2 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |