Сабақтың тақырыбы:Бұқар жырау
Сабақтың мақсаты: ұландар Бұқар жыраудың өмірі және толғаулары туралы толық түсінік алады.
Міндеттері: Білімділік: Жыраудың өмірі туралы түсінік алу, толғауларын талдау.
Дамытушылық: ұландар өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге үйренеді. Тәрбиелік: туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, РАФТ;
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд, сәттілік дөңгелегі, тілек мұнарасы;
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. Амандасу, сабаққа әзірлеу.
I. Үй тапсырмасын сұрау.4 мин. «Сәттілік дәңгелегі» 1) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа. (Шалкиіз жырау)
2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің? («Мадақ жыры», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір»)
3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім? (XV ғ. Асан қайғыдан бастылып, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбетпен жалғасады )
4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты? (Асан қайғы туралы Ш.Уәлиханов)
5) «Айналайын, Ақ жайық
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңісі биік боз орда
Еңеке кірер күн қайда», - деп арман айтқан қай жырау? (Доспамбет жырау)
6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді? (Жиембет жырау)
1) Жылдар сөйлейді4 мин. 1) 1723 жылы
2) 1726 жылы
3) 1729 жылы
4) 1741 жылы
Болған оқиғалар:
1. Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді.
2. Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді
3. Балқаш көлінің оңтүстігінде қайтадан айқас болады, бұл айқаста қазақтар жеңеді. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Бұл шайқаста (40-45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
4. Қалмақтар қазақтарға шабуыл жасайды. 1738 – 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыстағы Қазақ жерін қайтарып алды . II. Жаңа тақырып бойынша:2 мин. Ұландардың назарын сабаққа аудару үшін: (жырау толғауынан үзінді аудио тыңдау)
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ ,– деген сөзді кім айтып еді? - Бұқар жырау Қалқаманұлы.