Сабақтың мақсаты: ұ ландар б ұқар жыраудың өмірі және толғаулары туралы толық түсінік алады. Міндеттері


Ізденуге берілген тапсырма: 5 мин



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі24,37 Kb.
#121952
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
00063f9a-dd2d4f7f

Ізденуге берілген тапсырма: 5 мин
1) Бұқар Қалқаманұлының өмірі
Бұқар жырау толғауларын тақырыбы бойынша үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.
1. Өмір жайлы талғаулары.
2. Адам өмірінің кезеңдері
3. Ел бірлігі.
4. Абылай ханға арнаған толғаулары
Өмір жайлы талғауларынан жыраудың табиғат құбылыстарына көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратының нанымды дәлелдегенін көреміз. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Қара құлам жүйрік деп», «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жол құрығы қаба деп», «Қара арғымақ арыса», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», «Асқар таудың өлгені», т.б. «Биік тауға жарасар», «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасады.
Адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда», «Атам болған жиырма бес» толғауларын жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.
«Атам болған жиырма бес» деген өлеңінде жастық пен кәрілікті қарама қарсы қойып суреттесе, «Жиырма деген жасыңыз» деген өлеңінде жиырмадан тоқсанға дейінгі кезеңді жеке- жеке жырлайды.
Бұқардың қай талғауын алсақ та, елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Ел бірлігін, ел тыныштығын, тәуелсіздігін, бейбіт өмірін жырына арқау еткен жыраудың бұл тақырыптағы өлеңдері «Керей, қайда барасың», «Бірі етек, бірі жең болған», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» т.б. көптеген өлеңдерін атауға болады.
«Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түнілсін,
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз», - деп өсиет айтады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Тілек», «Керей, қайда барасың?» деген өлеңдерінде айтылатын ой да ел бірлігін сақтаудан туған.
Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз.
Қырық беске келгенде,
Жақсы мен жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырой әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді.
Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір- бірімен сабақтасып жатқан үлгі-өнегеге толы жырлар екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет