Сабақтың мақсаты : Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі156,34 Kb.
#48068
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: 

Абай Құнанбайұлы. «Қыс».

Сабақтың мақсаты

Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру. 

Дара, күрделі етістікті бекіту.

Сабақтың міндеттері:


  • Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер үйрету. 


  • Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.


  • Абай лирикасының ерекшеліктерін таныту. 


  • Табиғат лирикасы арқылы ой дамыту, тіл байлығын молайту, рухани жан дүниесін байыту.


  • Топтық жұмыс арқылы коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.


  • Табиғат лирикасындағы табиғат сұлулығы мен махаббат сұлулығының ұштасуын сезіндіру арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеу, эстетикалық, Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбие беру. 




Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта-флипчарт, тест тапсырмалары, слайд, видео. 

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, миға шабуыл, класстер, аудирование, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, музыка, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

(1-тапсырма. Мәнерлеп оқып, жаттаңдар.
Ұшан – теңіз қалың қар 

Жерді басып жабады. 

Мұздай демі бет қарып

Аяз аузын ашады.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аударып жазыңдар.

Зима. Зимой дни становятся короткими, ночи длинными. Дни стоят холодные, морозные. Реки и өзера замерзают. Дети катаются на лыжах и коньках.) 




  • «Кім жаттады?» (Өлеңді жатқа сұрау) 


  • Бір-біріңді тексер


(Интерактивті тақта-флипчарт)

-Қазір қызыл қаламдарыңызды алыңыздар, үй жұмысы дәптерлеріңізді қатар отырған оқушылар бір-бірлеріңізбен алмастырыңыздар, үй жұмысын тақтамен салыстыра отырып, тексеріп шығамыз.

4-тапсырма. Қыс. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Күн суық, аязды болады. Өзендер мен көлдер қатады. Балалар шаңғы мен коньки тебеді.

ІІІ. Жаңа сабақ.




  • Жаңа тақырыпқа даярлау 


  • «Миға шабуыл» әдісі. 


(Интерактивті тақта-слайдта ұлы ақынның бірнеше суреттері беріледі)

-Мына суреттегі кім деп ойлайсыздар?


  



 


-Бұл кісі туралы не білесіздер? Ол кім?

-Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?


  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет