Сабақтың мақсаты : Вальс жанры туралы мағлұмат беру. Білімділік мәні



Дата10.06.2017
өлшемі27,21 Kb.
#18765
түріСабақ
Сабақтың  тақырыбы:     Қазақ вальсі.

Сабақтың  мақсаты: Вальс   жанры туралы мағлұмат беру.

 Білімділік  мәні :    Вальс  жанрының ырғақтарын ести білуге үйрету.     

 Дамытушылығы:   Вальс королі, қазақ вальсі туралы  мағлұмат беру.

 Тәрбиелік  мәні :  Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: дәстүрлі

 Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , әдебиет.

                                     Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.  

Үй тапсырмасы:  Ой толғау.

Сұрақтар:

  1. Өнердегі жанр дегеніміз не?

  2. Күй дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  3. Қазақ мәдениетінде бейнелеу өнері қай ғасырда пайда болды?

Жаңа сабақты түсіндіру:   Қазақ вальсі.  

Актуалдау:  Вальс  -дегеніміз не?

 Вальс- жұптасып билейтін би өнері.

    Қазақ Вальсі — қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрда көрсетілді.Кәсіби қазақ композиторларының ішінде ең алғаш вальс жанрына музыка жазған Латиф Хамиди.

Латиф Хамиди 1906 жылы Татарстан Республикасында дүниеге келген.Қазақ халқына белгілі,дарынды компазитор.Қазақстанның халық әртісі.Ол алғаш рет вальс, романс, марш, симфониялар сияқты жаңа жанрларда еңбек етті.Өз өмірінің көпшілігін Қазақстанда өткізді.Компазииторлар Ахмет Жұбановпен бірге «Абай» операсын жазды, Бисенғали Ғизатовпен бірге «Домбыра үйрену мектебі» деген зерттеу еңбектерін қалдырды.Латиф Хамидидың «Қазақ вальсі» әнін атақты опера әншілері Күләш Байсеитова, Бибігүл Толегенова, Роза Жаманова, , Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаевалар орындайды.

Осыдан кейін қазақтың белгілі компазиторы Қазақстанның Халық әртісі, эстрадалық ән жанрының негізін салушы талантты компазитор қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқов.Шәмшінің де әндері вальс екпінінде жазылады.Шәмшінің әндерін қазаққа әйгілі әншілер Р.Бағланова, Б.Толегенова, З.Қойшыбаева, Р.Рымбаева орындап келеді.

 

 Музыка тыңдау: « Қазақ вальсі» Бибігүл Төлегенованың орындауында тыңдау.

Дауыс жаттығуы: до, ре гаммалары, жақпен, баспен жұмыс жасау.

Ән орындау: өткен ән «Желтоқсан желі»

Әні: : А.Тінәлиев

Сөзі: А.Асылбек



Жаңа ән « Ана туралы жыр»

Әні: Ш.Қалдаяқов



  Сөзі: Ғ.Қайырбеков

Қорытындылау: Вальс королі кім?

Л.Хамидидың «Қазақ вальсі» әнін кімнің орындауында тыңдадық?

  «Қазақ вальсі» әнінің авторы кім?

Үйге тапсырма.     «Қазақ вальсі» оқып, түсінігін айту.



Бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет