Сабақтың мақсаты : Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін зерттеу



бет3/4
Дата29.12.2021
өлшемі163,53 Kb.
#106410
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
file-5345

Тапсырма 3. Вегетативтік жүйкелердің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметін зерттеу.

1.Вегетативтік жүйкелер орталық жүйке жүйесінің тек қана белгілі бір бөлімдерінен ғана басталады. Мысалы, парасиматикалық жүйке орталықтары ортаңғы мида, сопақша мида жəне жұлынның құйымшақтық бөлігінде, ал симпатикалық жүйкелер орталығы жұлынның көкірек–беломыртқалық бөлігінің бүйір мүйіздерінде орналасады.

2.Вегетативтік жүйкелердің қозғыштығы жəне қозу толқынын өткізу жылдамдығы төмен. Мысалы, вегетативтік, жүйкелерде қозу толқыны секун-дына 1-30 м жылдамдықпен өтсе, сомалық жүйкелерде 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

3. Вегетативтік жүйкелерде миелин қабығы болмайды, олар үлпексіз жүйкелер.

Вегетативтік жүйкелердің шеткей бөлігі екі нейроннан тұрады. Вегетативтік жүйкелер жүйкелейтін мүшелеріне жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі, сондықтан олар түйінге дейінгі (преганглийлік) жəне түйіннен кейінгі (постгалийлік) талшықтарға бөлінеді.

4.Симпатикалық жүйкелерге мультипликация (көп тарамдану) құбылысы тəн: түйіннен соңғы талшықтар саны түйін-ге дейінгі талшықтар санынан əлдеқайда артық болады. Парасимпатикалық жүйке айтарлықтай көп тарамданбайды (181-сурет). Симпатикалық жүйкенің эфференттік талшықтары парасимпатикалық жүйке талшықтарынан ұзын келеді.

5.Симпатикалық жүйке ұштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары атропинмен жансызданады.
Симпатикалық жүйкелерден қозу толқыны симпатин, ал парасимпатикалық жүйкелерден - ацетилхолин медиаторлары арқылы таралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет