Астана қаласы
№64 мектеп-лицейінің
математика пәні мұғалімі
Уалиева Жания Рақымқызы
Тақырыбы: «Досы көпті –жау алмайды»
Сабақтың мақсаты: 1)Достық туралы терең түсінік беру
2)Нағыз дос бола білуге үйрету
. 3)Оқушылардың достық туралы
ой- пікірлерін дамыту; Сабақтың әдісі: Пікір-жарыс
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, суреттер,слайд,
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгіңгі біздің «Досы көпті –жау алмайды» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Балалар достық деген сөзді қалай түсінесіндер?Дос деп қандай адамды айтамыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Абай атамыз айтқандай :
«Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол»
Енді балалар «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
1-оқушы:
Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».
2-оқушы:
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шертсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
3-оқушы
Күніміз күлкілі бола берсін.
Қуанышқа көңіліміз тола берсін.
Нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін.
Мұғалім: Достық сөзінің мағынасы адамның өміріндей сан бояулы, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
2- оқушы:
Зұлымдықты әрқашан жеренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Арамызда алайық бүреу болса,
Оны қатар ортадан аластайық
Мұғалім: Ал, енді балалар біздің бір көрініске кезек берейік.
Ертеде бір құмырсқа өз илеуіндегі құмырсқалардан бөлініп кетеді. Құмырсқа Өрмекші мен ара құмырсқамен дос болыпты. Жолда құмырсқа дән тауып алады. Әрі-бері жылжытқысы келіп еді, қозғалта алмады. Көмекке жаңа досы араға барды.
-Досым, маған көмектессші.
-Көрмей тұрсын ба, меніңде шаруам бар-дегеннен кейін қоңыз досына көмек сұрап барады. Қоңызда оған көмектеспеді. Ол мұңайып бара жатқанда оны ескі достары кездестірді. Не болғаның сұрады. Құмырсқа басынан кешкендерін айтты. Ескі достары оған көмектесті. «Жаңа достар- ескі достардай бола алмас» деген мақал осыдан қалса керек.
Мұғалім: Құмырсқаға қай достары дос болуға лайық?
Достық , дос болу үшін қандай қасиеттер болу керек? Досынның қандай болғаның қалар едің?
3-ші оқушы
Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,
Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.
Достық болып оралады өзіме,
Өздеріңе жасап жүрген достығым.
4-оқушы
Болсадағы қазан басқа, от басқа,
жарасады жүрісіміз топтасқан.
Бәріміздің мұңаяды жүзіміз,
Біріміздің көңіліміз «тоттанса».
5-оқушы
Болсын аулақ тоттану мен мұңдану,
Одан да біз достық жырын тыңдалық.
Жүрегіміз ақ таңменен апталсын,
Қалсын шетте қап-қара боп түн налып.
Мұғалім: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі !Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па? Талдау.
Мұғалім: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», - деген екен.
Мұғалім: Ал, балалар біз енді мақал-мәтелдерге кезек берейік. Мақал-мәтелдерді жалғастыр. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіре білу.
Досы көпті жау алмайды. ... (Ақылы көпті дау алмайды)
Ағаш тамырымен мықты...
(Адам дос-жарымен мықты)
Жолдасы жоқ жігіттің...
( Олжасы жоқ)
Жаман жолдастан...
(Жақсы дұшпан артық)
Аз қайғыны ас басады...
(Көп қайғыны дос басады)
Мұғалім: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық.
5.бөлім: Қорытынды.
Осымен біздің «Досы көпті –жау алмайды» аты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан көптеген қосымша мәліметтер алдындар деп ойлаймын. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |