Сабақтың мақсаты: 1 Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы»



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі116,62 Kb.
#10919
түріСабақ
1   2   3

3.Оқулықпен жұмыс

-Енді балалар, оқулыққа көңіл аударамыз. Оқулықта берілген көк төртбұрыштың ішіндегі мәліметтерді дәптерімізге жазып аламыз.

Тапсырманы дұрыс орындадық.Ендеше келесі слайдқа назар аударайық.



Еліміздің Туы,Елтаңбасы,Әнұраны,Конституциясы қойылған орын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы.
4. Жұмбақ сан

1) Ғұн билеушісі қалай деп аталды?

1. хан. 2. гуньмо. 3. шаньюй.

2) Ғұн тайпалары батысқа қарай қай ғасырда жылжыды?

1. б.з.б. 55 жыл. 2. б.з.б. 2 ғасыр. 3. б.з.б. 1 ғасыр.

3) Шамамен 400-453 жж. өмір сүрген кім?

1. Шырақ. 2. Аттила. 3. Страбон.

4) Ғұн мемлекеті қай уақытта екіге бөлінді?

1. б.з.б. 4 ғ. 2. б.з.б. 55 ж. 3. б.з.б. 1.

5) Солтүстік ғұндардың билеушісі кім болды?

1. Чжи-Чжи. 2. Мөде. 3. Еділ.

6) Каталаун (Галлия) шайқасы қай жылы болды?



1. 375 ж. 2. 437 ж. 3. 451 ж.
-Дұрыс орындасаңдар «Астана-Бәйтерек» монументін көреміз.

«Астана-Бәйтерек» монументі.

Бәйтеректің биіктігі 97 метр, салмағы 85 тонна. Мұнара ішінде кең холл бар. Онда екі жүрдек лифті бар. Арнайы шынымен әйнектелген күмбездің салмағы 70 тонна. Ал алтын шардың төбесі 1553 шаршы метрді құрайды. Осы шардың ішінде қала көркін тамашалайтын понарамалық зал бар. Алтын шар өте берік болу үшін ол жалпы салмағы 695 тонна болатын металл қондырғыға орналастырылған.



5.Тақтамен жұмыс «Терме диктант»

1. Ғұндар Енисейдің жағалауларында------------------------------------------------------------------------------ , көрші тайпаларды бағындырған.

2. Олар әскери------------------------------------------------, қару-жарақ, жебелі садақ, ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Ғұндар мен---------------------------------------------------- 300 жылдан астам-----------------------

созылған.

4. Кейбір тарихшылардың пайымдауынша, ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



5. Ғұндар соғыс кезінде-----------------------------------------------------, ------------------------------------- техниканы ----------------------.



6. Сипаттама беріп көр.

Оқулықтың 100 бетіндегі ғұндарға берілген тарихи сипаттаманы оқып, өз ойыңды айтып көр.


7.Сабақты қортындылау

-Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық?

- Ғұндар тарихы туралы не білдіңдер?
8.Үйге тапсырма

20-21 тақырыптарды оқу.

Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны туралы әңгіме құрастыру.
9. Бағалау

10. Рефлексия

-Балалар,сабақтан алған әсерлерің қандай?Сабақ несімен ұнады?Сабақ сендерге ұнаса Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз.


Қарағанды қаласы

№18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



Омарова Гүлшат Амангелдиевна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет